Батыс өңірінің аймақтық директоры
«Қазақтелеком» АҚ Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
1) басқарушылық қызметті құжаттау, филиал қызметін регламенттеу, орындаушылық тәртіпті мониторингтеу және бақылау;2) жылжымайтын мүлік объектілерін басқару, өңір бойынша Қоғамның жылжымайтын мүлік объектілеріне құқық белгілейтін құжаттарды сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
3) экономикалық мақсаттылықты және тиісті өңірдегі қалыптасқан жылжымайтын мүлік нарығын ескере отырып, жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және шығару мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау;
4) өзге тұлғалардан үй-жайларды жалға алу және өзге тұлғаларға өндірістік үй-жайларды жалға беру;
5) өңір бойынша Қоғам Филиалдарының негізгі және қосалқы бизнес-үдерістерін көліктік қамтамасыз ету;
6) азаматтық құрылыстардың әкімшілік және технологиялық мақсаттағы алаңдарын салу, реконструкциялау, ағымдағы және күрделі жөндеу;
7) ғимараттарды, құрылыстарды пайдалану және оларға қызмет көрсету, инженерлік желілер мен жабдықтарды ұстау (теллоснабжение, сумен жабдықтау, кәріз, лифттер, қазандықтар, кондиционерлер және т.б.);
8) Орталық аппарат қызметкерлерінің және өңір бойынша Қоғам Филиалдарының жұмыс орындарын кеңсе керек-жарақтарымен, жиһазбен және шаруашылық-тұрмыстық заттармен ұйымдастыру және жабдықтау;
9) «Өкілдік шығыстар» бабы бойынша қамтамасыз етілуін бақылау (Бас директорлардың, Қоғамның Бас директорларының қабылдау бөлмелерін тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету) өкілдік шығыстар бойынша бекітілген нормалар шегінде;
10) өңір бойынша Қоғамның Орталық аппараты мен Филиалдарының қызметін материалдық-техникалық толық және уақтылы қамтамасыз ету, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды келісу, Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын сақтай отырып техникалық қорытындылар ұсыну;
11) өңір бойынша сатып алуларға қатысты әкімшілік-шаруашылық сипаттағы тауарларға маркетингтік бағаларды айқындау;
12) қолданыстағы СФ бұйрығына сәйкес (тауарларды саны және сапасы бойынша қабылдау) жасалған шарттар бойынша өңірде ТМҚ, НҚ-ның сандық және сапалық тұрғыдан келуін қамтамасыз ету, өңірдің құрылымдық бөлімшелерінің есептілігінде тұрған негізгі және азқұнды құралдардың сақталуын қамтамасыз ету;
13) негізгі құралдарды есептен шығару актілерін, орындалған жұмыстар мен қызметтер актілерін, негізгі құралдарды пайдалануға енгізу актілерін және тауарлық-материалдық құндылықтар актілерін келісу және қол қою;
14) өңір бойынша есепті кезеңдердегі операциялық бюджеттің орындалуын мониторингтеу;
15) Операциялық бюджетті жоспарлау және қалыптастыру үшін өңір бойынша Қоғамның Орталық аппараты мен Филиалдарының қажеттіліктері бойынша жиынтық деректерді жинауды және ұсынуды бақылау;
16) Орталық аппарат қызметкерлері мен өңір бойынша Қоғам филиалдары қызмет бағыты бойынша өтінім беру жүйесі арқылы жіберілген өтінімдердің орындалуын қамтамасыз ету;
17) Қоғамда мемлекеттік тілді енгізу және дамыту бағдарламасын іске асыру;
18) тиісті өңір бойынша Сервис фабрикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарға жалпы басшылық ету;
19) тиісті өңір бойынша телекоммуникация объектілерінің өртке қарсы қауіпсіздігі;
20) Еңбек кодексінің талаптарын (ҚР), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін және қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария бойынша өзге де заңнамалық және нормативтік құжаттарды орындау;
Талаптар:
- жоғары техникалық білім- ұйымның қызмет бейініне сәйкес мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл
Ұқсас вакансиялар
Коммерциялық даму департаментінің бас маманы (негізгі қызметкер шыққанға дейінгі уақытша бос орын)
«Ауыл Телеком» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақтөбе қ.
24.07.2026 | 78
Коммерциялық даму департаментінің бас маманы
«Ауыл Телеком» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
21.07.2026 | 413
Бизнесті дамыту қызметі бастығы
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
08.07.2026 | 1739