«KEGOC» АҚ Адами ресурстарды және әлеуметтік-еңбек қатынастарын басқару департаменті HR қызмет көрсету бөлімінің бас менеджері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
51

Қаралған саны:
712

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  1. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы (бұдан әрі – АД), «KEGOC» АҚ «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» филиалының (бұдан әрі – «ЖО ҰДО») жұмыскерлері мен «KEGOC» АҚ АД номенклатурасына кіретін филиалдар жұмыскерлерінің қызметін бағалау бойынша жұмысты жүргізеді;
  2. жұмыскерлердің қызмет нәтижелілігін басқару және ынталандыру жүйесін, сондай-ақ персонал қызметінің нәтижелілігін бағалауға негізделген сыйақы беру жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты қамтамасыз етеді;
  3. тоқсан (жартыжылдық, жыл) қорытындылары бойынша сыйлықақы төлеу үшін «KEGOC» АҚ АД, «KEGOC» АҚ «ЖО ҰДО» филиалы жұмыскерлерінің және «KEGOC» АҚ АД номенклатурасына кіретін филиалдар жұмыскерлерінің қызметін бағалауға арналған материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді;
  4. әкімшілік жұмыскерлердің қызмет нәтижелілігі туралы есептерге тоқсан сайын мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді;
  5. «KEGOC» АҚ басшы және басқарушы жұмыскерлерінің КПД орындалуына мониторинг жүргізу бойынша жұмысты қамтамасыз етеді;
  6. «KEGOC» АҚ жұмыскерлеріне тоқсан (жартыжылдық, жыл) қорытындылары бойынша сыйлықақы төлеуге арналған материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді;
  7. лауазымдық айлықақыларды, үстемеақыларды белгілеу бойынша материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді, «KEGOC» АҚ АД, «ЖО ҰДО» филиалы жұмыскерлерінің және «KEGOC» АҚ АД номенклатурасына кіретін филиалдар жұмыскерлерінің атқарушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізеді;
  8. ауыспалы сыйақыны төлеу және есептеу үшін деректерді беру туралы бұйрықты қалыптастырады және оған уәкілетті тұлғалардың қол қоюын қамтамасыз етеді;
  9. «KEGOC» АҚ АД, «ЖО ҰДО» филиалы жұмыскерлеріне және «KEGOC» АҚ АД номенклатурасына кіретін филиалдар жұмыскерлеріне тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықты қалыптастырады және оған уәкілетті тұлғалардың қол қоюын қамтамасыз етеді;
  10. калибрлеу сессияларын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты жүргізеді;
  11. сыйақы беру мәселелерін «KEGOC» АҚ Кадрлық даму комитеті мен Басқармасының қарауына шығаруды қамтамасыз етеді;
  12. HR-саясатты және HR-стратегияны әзірлеу жұмысына қатысады;
  13. бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның, аудиторлық компаниялардың, басшылықтың және «KEGOC» АҚ АД құрылымдық бөлімшелерінің сұратулары бойынша ақпаратты және оларға жауап жобаларын дайындау жұмыстарын қамтамасыз етеді;
  14. кәсіби оқыту барысында меңгерілген материалдарға сәйкес алған білімін тікелей ұжымына береді;
  15. өтемақы пакетінің (әлеуметтік пакет пен жеңілдіктер) шеңберінде сыйақы беру процесі бойынша жұмыстарды жүргізеді, оның ішінде:

- «KEGOC» АҚ АД және филиалдары жұмыскерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету үшін материалдарды жинау және ресімдеу жұмыстарын қамтамасыз ету;

- «KEGOC» АҚ жұмыскерлеріне тұрғын үйді жалдау ақысын ішінара өтеу туралы бұйрықтардың жобаларын, «KEGOC» АҚ Басқармасының қарауына ұсынылатын түсіндірме жазбалардың жобаларын, медициналық емделуге және операцияларға ақы төлеуге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықтарды, «KEGOC» АҚ жұмыскерлерін жеңілдетілген кредиттеу бойынша хаттамаларды дайындауды қамтамасыз ету;

  1. өтемақы пакетінің (әлеуметтік пакет пен жеңілдіктер) шеңберінде сыйақы беру процесі бойынша жұмыстарды жүргізеді, оның ішінде:

- «KEGOC» АҚ АД және филиалдары жұмыскерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету үшін материалдарды жинау және ресімдеу жұмыстарын қамтамасыз ету;

- «KEGOC» АҚ жұмыскерлеріне тұрғын үйді жалдау ақысын ішінара өтеу туралы бұйрықтардың жобаларын, «KEGOC» АҚ Басқармасының қарауына ұсынылатын түсіндірме жазбалардың жобаларын, медициналық емделуге және операцияларға ақы төлеуге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықтарды, «KEGOC» АҚ жұмыскерлерін жеңілдетілген кредиттеу және оқыту бойынша хаттамаларды дайындауды қамтамасыз ету.

 

Талаптар:

  • Келесі даярлау бағыттары бойынша жоғары білім: Бизнес, басқару және құқық / Гуманитарлық ғылымдар / Әлеуметтік ғылымдар / Педагогикалық ғылымдар
  • Адам ресурстарын басқару саласындағы жұмыс өтілі – кемінде 4 жыл.
  • Жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша сертификаттардың болғаны құпталады.

Қосымша талаптар:

  • MS Office бағдарламаларының тәжірибелі пайдаланушысы;
  • ERP HR-модулінің (SAP) тәжірибелі пайдаланушысы;
  • Қазақ және орыс тілдерін білу.

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Адам ресурстарын басқару саласындағы тәжірибелерді білу;
  • Адам ресурстарын басқару әдістері мен құралдарын білу;
  • Қазақстан Республикасының салалық және еңбек заңнамасын білу;
  • HR әкімшілік операциялары бойынша үздік тәжірибелерді білу;
  • Бақылаушы органдар тарапынан жүргізілетін тексерулерден өту тәжірибесінің болуы;
  • Командада жұмыс істеу, көшбасшылық дағдылары – ынтымақтастыққа ашық болу, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, түрлі көзқарастар арасында ортақ келісімге келе білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізе білу;
  • Корпоративтік құндылықтар мен қағидаттарды тұрақты ұстануға ұмтылу;
  • Коммуникациялық дағдылар;
  • Клиентке бағдарлану;
  • Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби әдеп қағидаттарын қатаң сақтау).

Қажетті қабілеттер

  • Управление кадрами (HR)