«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалының қызметкерлерді басқару бөлімінің бас маманы
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Түркістан қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Құрметті ізденуші!
Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.
Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
- Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
- Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
- Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.
Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.
Міндеттері:
Бөлімнің жұмысын жоспарлау және бюджетін қалыптастыру
- Кәсіпорынның білікті кадрларға деген қажеттілігін және нарықтық экономика талаптарын ескере отырып, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарлардың жобаларын қажетті негіздемелермен және есептеулермен әзірлеу.
- Персоналды дамыту саласындағы қызметтер нарығын зерделеу.
- Персоналды дамыту саласындағы қызметтерді сатып алу қажеттілігін айқындау үшін Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінен өтінімдерді жинау.
- Баға ұсыныстарын, коммерциялық ұсыныстарды және прейскуранттарды сұрату, жинақтау және талдау.
- Қызмет бағыты бойынша бюджетті қалыптастыру және оның орындалуын бақылау.
Қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және шарттарды сүйемелдеу
- Сатып алынатын қызметтер бойынша техникалық ерекшеліктерді әзірлеу.
- Шарттар жасасуға қажетті материалдарды дайындау, қосымша келісімдерді ресімдеу және сүйемелдеу.
- Шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау.
- Төлемге өтінімдерді қалыптастыру, келісу және сүйемелдеу.
- Сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындау.
Кадрлық әкімшілендіру
- Еңбек шарты негізінде жұмысқа қабылданатын жұмыскерлерді жұмысқа қабылдауды ресімдеу.
- Жұмыскерлерді басқа жұмысқа ауыстыруды ресімдеу.
- Жұмыскерлермен еңбек қатынастарын тоқтатуды (жұмыстан босатуды) ресімдеу.
- Демалыстардың барлық түрлерін (жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы, оқу демалысы, жүктілікке және босануға байланысты демалыс, бала күтіміне байланысты демалыс және басқа да демалыстар) ресімдеу жұмыстарын ұйымдастыру, демалыс кестесінің сақталуын бақылау.
- Кадрлық іс жүргізуді жүргізу, кадрлық есептілікті дайындау, қалыптастыру және бақылау, персонал құрамы бойынша статистикалық есептерді жасау.
- Жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату процестерін үйлестіру, қажетті кадрлық құжаттардың толық топтамасын ресімдеу.
- Компаниядағы кадрлық жағдайды тұрақты талдау, ұйымдық құрылымды жетілдіру және кадрлық ресурстарды тиімді бөлу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
- Персоналды ынталандыру, бағалау және аттестаттау жүйелерін әзірлеуге және енгізуге қатысу.
- Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, Ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, жергілікті нормативтік актілердің және Қоғамның ішкі құжаттарының сақталуын бақылау.
Біліктілік талаптары
- Жоғары білім (экономика немесе құқықтану бағыттары бойынша).
- Персоналды басқару саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.
Қажетті қабілеттер
- Экономика труда и её оплата
- - Ведение учета, планирование и отчетность;
- - Пунктуальность, высокая ответственность при исполнении поручении
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар
Персоналды басқару және еңбекақы төлеу бөлімі бастығы (негізгі қызметкердің болмау кезеңіне)
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Тараз қ.
21.07.2026 | 167
Персоналды басқару бөлімінің аға маманы
«GPC Investment» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
13.07.2026 | 958