«Kazakhstan Petrochemical Industries» ЖШС-нің Персоналды басқару және дамыту қызметінің жетекші маманы
«Samruk Business Academy» ЖММ Атырау қ.Аутстаффинг!
Білім беру профилі:
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
кадрларды даярлау бағытына сәйкес: экономика және адам ресурстарын басқару саласында, немесе
заңгерлік және HR саласында қосымша даярлық
(қалаулы)
Жұмыс тәжірибесі:
Кадрлық жұмысты жүргізу және адам ресурстарын басқару саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі, немесе маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі, немесе жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл (қалаулы)
Білімдер мен дағдылар:
1) Қазақстан Республикасының персоналды басқару бойынша ұйымның қызметін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілері;
2) персоналды басқарудың заманауи тұжырымдамалары, еңбек мотивациясының негіздері және персоналды бағалау жүйелері, кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру нысандары мен әдістері;
3) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып кәсіптер мен лауазымдарды іздеу технологиясы;
4) еңбек шарттарын (контрактілерді) әзірлеу тәртібі;
5) ұйымның даму перспективалары, басқару құрылымы және ұйымның кадрлық құрамы;
6) өздерінің дерекқорларын құру әдістері;
7) тестілеу, сұхбат жүргізу әдістемелері;
8) жалпы және әлеуметтік психология мен еңбек социологиясының негіздері, өндірістік педагогиканың негіздері, іскерлік қарым-қатынас этикасы;
9) персоналды басқару саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе;
10) іс жүргізуді ұйымдастыру негіздері;
11) заманауи техникалық құралдарды, коммуникациялар мен байланысты, есептеу техникасын қолдана отырып ақпаратты өңдеу әдістері;
12) еңбек заңнамасы;
13) ішкі еңбек тәртібі ережелері, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары;
14) БиОТ, ООС және ГЗ бойынша заңнамалық талаптар мен ішкі нормативтік құжаттар және оларды сақтау.
Қасиеттер, құзыреттер:
Жауапкершілік, бөлшектерге мұқияттылық, жоғары ұйымдастырушылық, орындаушылық, тәртіптілік, стресске төзімділік, персонификацияланған деректермен жұмыс кезінде құпиялылық
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар