Операциялық тиімділік жөніндегі жетекші маман

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
194

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қызмет бағыты бойынша басшылыққа арналған есептілікті дайындау;

  • Жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде тәуекелдерді сәйкестендіруге, талдауға және бағалауға қатысу;

  • Тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және сүйемелдеу;

  • «Қазақтелеком» АҚ-ның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес бизнес-процестердің блок-схемаларын және тәуекелдер мен бақылаулар матрицаларын әзірлеу;

  • Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау мәселелерін курстайтын бөлімше үшін тәуекелдер бойынша ақпаратты жинақтау және есептілікті дайындау;

  • Жобаларды басқару дирекциясының процестерін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу, енгізу және өзектендіру;

  • Ұйымдық құрылымның, заңнаманың және жобаларды басқару жүйесінің өзгеруіне байланысты нормативтік құжаттаманы қайта қарауды ұйымдастыру;

  • Бизнес-процестерді талдау және оңтайландыру, тар орындарды, қайталанатын функцияларды және тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін анықтау;

  • Бизнес-процестерге енгізілетін өзгерістерді сүйемелдеу;

  • Бизнес-процестердің және ішкі құжаттардың корпоративтік саясаттарға, салалық стандарттарға және заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау;

  • Кіріктірілген менеджмент жүйесін сүйемелдеуге қатысу, құзырет шегінде процестерді талдау және жақсарту, ақпаратты дайындау мен жинақтауға қатысу.

Талаптар:

  • Жоғары заңгерлік, экономикалық немесе техникалық білім;

  • Телекоммуникация саласында немесе тиісті бағыт бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде операциялық және құқықтық тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару, мемлекеттік және қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл, ішкі саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу және енгізу саласындағы сараптамалық лауазымдарда;

  • Қазақстан Республикасының корпоративтік, азаматтық, еңбек және антикоррупциялық құқық саласындағы заңнамасын сенімді білу;

  • Корпоративтік басқару қағидаттарын білу, оның ішінде бас компания және еншілес ұйымдарда;

  • Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және мониторинг әдістерін білу;

  • Деректерді, нормативтік құжаттарды және құқықтық ақпаратты талдау, түсіндіру және жүйелеу дағдылары;

  • Аналитикалық материалдарды, баяндау жазбаларын, қорытындыларды, регламенттерді, стандарттарды және басқарушылық есептілікті дайындау тәжірибесі;

  • Бизнес-процестерді талдау және оңтайландыру, тәуекелдерді анықтау және тиімділікті арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу дағдылары;

  • Аналитикалық ойлау, жүйелі тәсіл, егжей-тегжейге назар аудару, жауапкершілік және ұйымдасқандық;

  • Қазақ тілі — сұхбаттан өтуге жеткілікті деңгей; орыс тілі — еркін меңгеру; ағылшын тілі — базалық білім.

Шарттары:

  • ҚР-дағы ең ірі Телекоммуникациялық Компанияда жұмыс;
  • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
  • Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
  • Уақытылы жалақы;
  • Жақсы әлеуметтік пакет;
  • Жыл сайынғы еңбек демалысы 30 күнтізбелік күн;
  • Еңбек демалысына материалдық көмек.