Вахталық жұмыс емес — Сапаны бақылау шебері, Тау-кен байыту кешені (№ 76-17-13 өтінім / 12.10.2026 ж.) — 1 орын, Курчатов

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
51

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1.Бекітілген учаскеде бақылау және сынақтар жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және өзектендіреді. 2.Менеджмент жүйесінің құжаттамасын, оның ішінде жазбаларды басқаруды ұйымдастырады. 3.Персоналдың назарына жеткізеді және «ҮМЗ» АҚ басшылығының менеджмент (сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету), энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, әлеуметтік менеджмент саласындағы саясатын түсіндіреді. 4.Бақылау шеберінің құзыреті саласындағы ішкі ақпараттық өзара іс-қимылды орнатады және өз қызметінде пайдалану үшін ТБК өзара іс-қимыл жасайтын бөлімшелерге қажетті ақпаратты беруді қамтамасыз етеді. 5.Персоналды даярлауға қажеттілікті анықтайды. Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ белгіленген тәртіпте персоналды оқытуды жүзеге асырады. Персоналдың білімі, дайындығы, дағдылары мен тәжірибесі туралы жазбаларды сәйкестендіруді және сақтауды ұйымдастырады. Персоналдың біліміне мерзімді тексеруді ұйымдастырады. Басқарушы кадрлар резервін даярлауды жүзеге асырады. 6.Өндірістік ортаның параметрлерін өлшеу бөлігінде өндірістік ортаны құруды ұйымдастырады. Қауіпті заттармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, өндірістік объектілерді бағалау (еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау) жөніндегі қызметке қатысуды ТБК бақылау шеберінің жауапкершілік аясында ұйымдастырады. 7.ТБК бақылау шеберінің жауапкершілік аясындағы өнімді шығаруға өндірісті технологиялық дайындауға қатысады: - Қаражал кенішінен кварц-флюорит кенін байыту фабрикасына қабылдауды бақылау. - «Қаражал» кенішінің кен қоймасында өндірілген кварц-флюорит кенінен бақылау сынамаларын алу. - Тауар-көлік жүкқұжаттарын толтыру және жүргізу. - БФ келіп түскен кварц-флюоритті кенді іріктеуді бақылау. 8.Сатып алынатын өнімге қойылатын талаптарды көрсете отырып, қажеттіліктер үшін жабдықтарды, аспаптарды, химиялық ыдыстарды, реактивтерді, материалдарды және т.б. сатып алуға өтінімдер жасау үшін ұсыныстар береді. 9.Өндіріс процесінде өнімді сәйкестендіру және қадағалау жөніндегі талаптардың сақталуын, дайын өнімді сәйкестендіру жөніндегі талаптардың сақталуын, дайын өнімді сақтау процесінде ТБК бақылау шеберінің жауапкершілік аясында бақылауды ұйымдастырады. 10.Өз қызметінде қолданылатын өлшеу құралдарын пайдалануды, өлшеулерді орындау әдістемелерін қолдануды, бақылауды, өлшеуді және сынауды орындау шарттарын қамтамасыз етуді, бақылау, өлшеу және сынау жабдықтарын қолдануды ұйымдастырады. Бақылау, өлшеу және сынау жабдықтарының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған кезде өнімді өлшеудің алдыңғы нәтижелерінің заңдылығын бағалауды және тіркеуді жүзеге асырады. Өлшеу нәтижелерін жарамсыз ететін реттеулерден қорғауды, ТБК бақылау шеберінің жауапкершілік аясына жүгіну барысында зақымданудан және жағдайдың нашарлауынан қорғауды ұйымдастырады. 11.ТБК бақылау шеберінің құзыреті саласындағы кіріс бақылауын жүргізу кезінде, операциялық және қабылдау бақылауын жүргізу кезінде өнімге қойылатын талаптардың сақталуын тексеру мақсатында өнімнің сипаттамаларына мониторинг пен өлшеуді ұйымдастырады. 12.ТБК бақылау шеберінің құзыреті аясындағы өнімге ілеспе құжаттаманы ресімдеуді ұйымдастырады: - Дайын өнімнің маршруттық картасын толтыру. - Дайын өнімнің сапа сертификатын рәсімдеу. 13.ТБК бақылау шеберінің құзыреті саласындағы тұтынушыға қойылған талаптарға сәйкес келмейтін дайын өнімді жеткізу мүмкіндігін болдырмау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. 14.Бекітілген учаскедегі сәйкессіздіктерді: еңбек қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін, жабдықтардың қанағаттанарлықсыз жай-күйін, заңнамалық-құқықтық актілердің, стандарттардың, нұсқаулықтардың және басқа да нормативтік құжаттаманың талаптарынан ауытқуларды және т.б. анықтауды жүзеге асырады. Сәйкессіздіктердің себептеріне талдау жүргізу және сәйкессіздіктердің өзін (түзету) және оларды тудырған себептерді (түзету әрекеттері) жою бойынша іс-әрекеттерді орындау. 15.Менеджмент жүйесінің жарамдылығы мен нәтижелілігін көрсету үшін менеджмент жүйесі туралы кіріс деректерін жинауды және ұсынуды жүзеге асырады, ТБК бақылау шеберінің жауапкершілік аясындағы шығарылатын өнімнің сапасы туралы мерзімді есептілікті жасау үшін деректерді тікелей басшыға ұсынады. 16.Сәйкессіздіктерді тіркеу және талдау, сәйкессіздіктердің себептерін анықтау, СМЖ үшін түзету әрекеттерін қабылдау қажеттілігін бағалау, түзету іс-шараларын орындау, қабылданған түзету әрекеттерін және жақсарту жөніндегі іс-қимылдарды талдау, түзету іс-шараларының нәтижелілігін тексеру, ТБК бақылау шеберінің құзыреті саласындағы жазбаларды ресімдеу және сақтауды ұйымдастырады. 17.Материалдық құндылықтардың сақталуын, физикалық қорғалуын, есебін және бақылауын қамтамасыз етеді. 18.Ықтимал төтенше жағдайларды сәйкестендіруге, төтенше жағдайлардың себептерін тергеуге, төтенше жағдайлардың себептерін жоюға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге, өз құзыреті саласындағы осындай төтенше жағдайлардың қайталануының алдын алуға қатысады. ТБК бақылау шеберінің жауапкершілік аясындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарды ұйымдастырады. 19.Бекітілген учаскеде тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Бекітілген учаскедегі қызметкерлерді олардың тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі қызметке қатысу мүмкіндігі туралы хабардар етеді және оларды ОЗиОБТ жөніндегі қызметке тартуды ұйымдастырады. Бекітілген учаскедегі жұмыскерлердің денсаулығын қорғауға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер етуі мүмкін барлық өзгерістер бойынша кеңес береді. 20.«ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережелерін» сақтайды. 21.Бағынышты персоналдың жұмыс уақытының табельдік есебін жүргізеді. 22.Бағынышты персоналмен еңбек және өндірістік тәртіпті, еңбек тәртібі ережелерін бұзудың алдын алу мәселелері бойынша, еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жұмыс уақыты режимін сақтау мәселелері бойынша, еңбекті ұйымдастыру және оған ақы төлеу мәселелері бойынша тәрбиелік және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 23.Режимдік талаптарды, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және нысанішілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау талаптарын сақтайды. 24.Бағынышты персонал арасында жауапкершілік пен өкілеттіктерді бөледі және белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді. 25.Жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен нұсқауларын уақтылы және бұлжытпай орындайды. 26.РД ОПБиОТ № 14.025 сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындайды. 27.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған талаптарды сақтайды. 28.ҚТҚ өлшеуді орындау және «Қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығаруды есепке алу» журналын жүргізеді. 29.Тиісті құрылымдық бөлімше жұмыскерлерін/ауысымға бекітілген жұмыскерлерді қызметтің көрсетілген түрін жүзеге асыруға құқығы бар мемлекеттік медициналық ұйымға медициналық куәландыруға жіберу туралы шешім қабылдайды. 30. Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыруға құқығы бар мемлекеттік медициналық ұйымға тиісті құрылымдық бөлімшенің қызметкерлеріне/ауысымға бекітілген қызметкерлерге медициналық куәландыруға жолдамаларға қол қояды. 31.Тиісті құрылымдық бөлімшенің жұмыскерлеріне /ауысымға бекітілген жұмыскерлерге медициналық куәландырудан өтуден бас тарту туралы актілерге қол қояды.

Білім:

Жоғары, жоғары (техникалық) немесе орта (техникалық).

Дағдылар:

Кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімі. -орта (техникалық) білімі болған жағдайда, шығарылатын өнімнің сапасын бақылаумен байланысты лауазымдардағы (мамандықтардағы) жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Пайдаланушы деңгейінде ДК және басқа да оргтехника құралдарын меңгере білу; -жоғары, жоғары (техникалық) білімі болған жағдайда ДК және басқа да оргтехника құралдарын пайдаланушы деңгейінде меңгере білу; -іскерлік жазу және іскерлік қарым-қатынас дағдылары.

Қосымша:

1.6 Еңбек жағдайларының сипаттамасы Күкірт және тұз қышқылдарының формальдегид буларының және фенол ерітінділерінің әсерінен болатын зиянды еңбек жағдайлары 1.7 Жұмыс режимі және демалыс: - бес күндік жұмыс аптасында сағат 08: 00-ден 17: 00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі және жексенбі. Демалыс түрлері (күнтізбелік күндермен): - негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы: 24 - зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін қосымша ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы: 6 1.8 Еңбек ақы мөлшері: грейд 12: 334 598-ден 693 823 теңгеге дейін кәсіптік тестілеу нәтижесі өнеркәсіптің аралас салаларындағы тиісті жұмыс өтіліне байланысты есептелінеді. 1.9 Тағылымдама белгіленбейді "ҮМЗ" АҚ-да қолданылатын еңбекақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: * мерекелік күндерге арналған сыйлықақылар жыл ішінде (Наурыз Мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, республика күні, атом саласы қызметкерлерінің күні 2,5 ЕТЖ мөлшерінде); • жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақылар қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, бір жыл ішінде (1-ші лауазымдық жалақы дейінгі мөлшерде); * 2 лауазымдық жалақысы мөлшерінде демалысқа материалдық көмек; * кірісті жыл сайынғы индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7% - дан аспайтын мөлшерде,бір айдағы жұмыс қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыйлықақы беру. Байланыс телефоны: +7777 147 55 05

Білетін тілдер:

-