Капиталдық құрылыс орталығының жетекші маманы

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
84

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Телекоммуникациялық желілерді, инфрақұрылым нысандарын және сымсыз технологияларды күрделі құрылысқа, күрделі жөндеуге, реконструкциялауға және жаңғыртуға ұйымдастыру;

  • Нысандардың, телекоммуникацияның желілік-кабельдік құрылыстарының және инфрақұрылымның құрылысы мен күрделі жөндеуі бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыру;

  • Құрылы-монтаж жұмыстары өндірісінің технологияларының сақталуын бақылау, кіріс бақылауын жүргізу, көлемдік анықтамаларды тексеру және бақылау өлшемдерін жүргізу;

  • мердігерлердің бекітілген кестелерінің, орындалатын жұмыстардың сапасы мен көлемдерінің сақталуын бақылау, ақаулар мен орындалмай қалған жұмыстардың алдын алу;

  • Құрылы-монтаж жұмыстарының бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін бақылау, жобалық және технологиялық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;

  • Құрылыс, жөндеу, реконструкция және жаңғырту барысында туындайтын техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді шешу;

  • Жабдықтар мен материалдарды монтажға беру актілерін, сондай-ақ монтаждалған жабдық актілерін ресімдеу;

  • Құрылыс нысандарын және күрделі жөндеуден өткен нысандарды пайдалануға қабылдауға қатысу;

  • Қабылдау актілері қол қойылғаннан кейін оларды кейіннен нысандарды пайдаланушы бөлімшенің теңгеріміне беру үшін ДУП шарттарын сүйемелдеу бөлімшесіне тапсыру;

  • мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, келіссөздер жүргізу және өндірістік кеңестер өткізу.

Талаптар:

  • Жоғары білім;

  • Жауапкершілік және міндеттемелерді белгіленген мерзімдерде орындау;

  • лауазымдық міндеттер шеңберінде шешім қабылдауда дербестік;

  • әріптестермен және мердігер ұйымдармен тиімді өзара іс-қимыл дағдылары;

  • Оқуға қабілеттілік және кәсіби дамуға мотивация;

  • Сенімділік және жауапкершілік.

Шарттар:

  • ҚР-дағы ең ірі Телекоммуникациялық Компанияда жұмыс;
  • ҚР ЕК сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
  • Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
  • Уақтылы жалақы;
  • Жақсы әлеуметтік пакет;
  • Жыл сайынғы еңбек демалысы 30 күнтізбелік күн;
  • Еңбек демалысына материалдық көмек.