ВАХТА ЕМЕС_Тау-кен байыту кешеніндегі қойма жұмысшысы (2-разряд) (2026 жылғы 9 желтоқсандағы № 76-17-13/2050 өтінім) – 1 бос орын, Курчатов

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
43

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

-жүктерді тиеу, түсіру және оларды қойма ішінде орналастыру бойынша жұмысты басқару; -тұтынушылардың өтінімдері бойынша материалдық құндылықтардың партияларын жинақтау; -ақаулы құрал-саймандарға, аспаптарға және басқаларға, оларды жөндеуге және есептен шығаруға, сондай-ақ материалдардың жетіспеушілігі мен бүлінуіне арналған актілерді тексеру және құрастыру; -тиісті құжаттарды ресімдей отырып, халықтан жеке автокөлікті уақытша сақтауға қабылдау; -қоймада сақталатын материалдық құндылықтардың болуын есепке алу және олардың қозғалысы бойынша есептік құжаттаманы жүргізу; -қоймада түгендеу жүргізуге қатысу.

Білім:

Орташадан төмен емес.

Дағдылар:

Білуі тиіс: -қойма шаруашылығын жүргізу тәртібі; -қоймадағы материалдық құндылықтарды есепке алу, сақтау, қозғалысы және оларға ілеспе құжаттарды ресімдеу тәртібі; -технологиялық құжаттар бойынша әртүрлі материалдық құндылықтардың партияларын жинақтау тәртібі; -қоймалық өлшеу құралдарын, айлабұйымдарды, механизмдерді қолдану тәртібі және олардың жұмысқа жарамдылығын тексеру тәсілдері; -автотұрақтарда бекіту автокөлік құралдарын қолдану тәртібі; -түгендеу жүргізу тәртібі; -материалдарды сақтау мен орын ауыстырудың және қызметтік үй-жайларды күтіп ұстаудың өртке қарсы қауіпсіздік тәртібі; -қышқылдар мен химикаттарды, улы заттар мен тез тұтанатын заттарды сақтау тәртібі мен шарттары.

Қосымша:

1.4 Еңбек шарттың мерзімі/ауысу мерзімі: 1 жылдан кем емес белгілі мерзімге (1 жыл)/белгісіз мерзімге 1.5 Негізгі лауазымдық міндеттер - 1.6 Еңбек жағдайларының сипаттамасы Қалыпты еңбек жағдайлары. 1.7 Жұмыс режимі және демалыс: бес күндік жұмыс аптасында сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі және жексенбі. Демалыс түрлері (күнтізбелік күндермен): - негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы 24. 1.8 Лауазымдық жалақы мөлшері: 2-разрядты 7.1-грейд 117 960 теңгеден бастап 261 321 теңгеге дейін кәсіптік тестілеу нәтижесі өнеркәсіптің аралас салаларындағы тиісті жұмыс өтіліне байланысты есептелінеді. 1.9 Тағлымдама -тиісті біліктілігі және/немесе кәсібі бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыскерді қабылдаған жағдайда белгіленбейді; -тиісті құжаттармен расталған мамандығы бойынша біліктілігі және/немесе жұмыс тәжірибесі бар қызметкерді қабылдаған жағдайда кемінде 30 жұмыс ауысымы мерзіміне белгіленеді. "ҮМЗ" АҚ-да қолданылатын еңбекақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: * мерекелік күндерге арналған сыйлықақылар жыл ішінде (Наурыз Мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, республика күні, атом саласы қызметкерлерінің күні 2,5 ЕТЖ мөлшерінде); • жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақылар қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, бір жыл ішінде (1-ші лауазымдық жалақы дейінгі мөлшерде); * 2 лауазымдық жалақысы мөлшерінде демалысқа материалдық көмек; * кірісті жыл сайынғы индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7% - дан аспайтын мөлшерде,бір айдағы жұмыс қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыйлықақы беру. Байланыс телефоны: +7777 147 55 05

Білетін тілдер:

-