Инвестициялар жөніндегі бас директор

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
452

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1.    Бизнес-стратегияны әзірлеуге жәрдемдесу
Қоғамның бекітілген бизнес-жоспарлау циклі шеңберінде Қоғамның Даму стратегиясын әзірлеуге инвестициялық қызметке қатысты жаңа немесе қолданыстағы нормативтік құжаттарды әзірлеуді не өзектендіруді, қолданыстағы инвестициялық жобалар портфелін бағалауды және өндірістік қуаттарды арттыруға және Қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа әрі перспективалық жобаларды жоспарлауды қамтамасыз ету бөлігінде өз үлесін қосады.  
2.    Инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыру
Қоғамның Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу және Қоғам тобының инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында Қоғам тобы Қоғам мен ДЗО-ның инвестициялық процестің әдістемесін әзірлеуін және өзектендіруін, инвестициялық қызметке қатысты Қоғамның қолданыстағы нормативтік құжаттарын, сондай-ақ Қоғам мен ДЗО-ның инвестициялық қызмет мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырады және бақылайды. Бұл ішкі нормативтік құжаттардың/Қордың талаптары мен тәртібін, жобалардың қаржылық модельдерін әзірлеу тәртібін түсіндіруге бағытталған.
3.    Стратегиялық маңызы бар ДЗО-ның және Қоғамның инвестициялық бағдарламасын басқару
Қоғамның инвестициялық бағдарламасын жоспарлау шеңберінде тиімді инвестициялық жоспарлауды енгізу мақсатында лауазым ДЗО-ға инвестициялық бағдарламаларды дайындауға жәрдем көрсетеді, Қоғам мен ДЗО активтерін жұмыс жағдайында ұстауға арналған күрделі салымдардың тиімділігін бағалау жүргізілуін бақылайды, ДЗО-ның күрделі шығындарын талдауды жүзеге асырады, инвестициялық бағдарламаларды келісу процесін және компаниялар тобы бойынша күрделі шығындарды консолидациялау процесін бақылайды әрі инвестициялық бағдарламалардың орындалуын мониторингтеуді қамтамасыз етеді.

4.    Инвестициялық жобаларды бағалау
Қоғам қызметінің стратегиялық бағыттарына сәйкес Қоғам мен ДЗО-ның жаңа, перспективалық және ағымдағы инвестициялық жобаларын талдау және бағалау процесін басқарады және Қоғам мен ДЗО-ның инвестициялық қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты ұсыну мақсатында инвестициялық жобалардың қаржылық модельдерін әзірлеу процестерінің сапалы әрі уақтылы орындалуын бақылайды.

5.    Инвестициялық жобаларды құрылымдау
Корпоративтік саясаттар шеңберінде Қоғам қарайтын инвестициялық жобаларды құрылымдайды, сондай-ақ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директорымен бірлесіп ДЗО жобаларын іске асыру үшін өнімді және қаржыландыру тәсілін айқындауды қамтамасыз етеді.   

6. Халықаралық ынтымақтастық және жиынтық-аналитикалық қызмет
Қоғамның Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін Инвестициялық блоктың сыртқы өзара іс-қимылын және стратегиялық аналитикасын жалпы үйлестіруді жүзеге асырады, серіктестіктерді дамытуға, басқарушылық шешімдерді дайындауға және инвестициялық күн тәртібін Қоғамның сыртқы және ішкі алаңдарда ұсынуына жүйелі көзқарасты қамтамасыз етеді. Қоғамның инвестициялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде тиімді инвестициялық жобаларды мониторингтеуді енгізу мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушылық есептілік жүйесінің инвестициялық витринасына деректерді толтыру бойынша бақылауды қамтамасыз етеді.

7. Жобаларды дамыту
Қоғам қызметінің стратегиялық бағыттарына сәйкес Қоғамның тұрақты инвестициялық pipeline-ін қалыптастыру мақсатында инвестициялық жобалардың бастамашылдығын және дамуын, инвестицияға дейінгі және инвестициялық пысықтауды, жобаларды және серіктестік модельдерді құрылымдауды, GR және жобаларды институционалдық сүйемелдеуді, даму кезеңіндегі жобаларды басқаруды бақылайды.

8.    Пинвестиция тарту
Бекітілген перспективалық жобалар портфелі шеңберінде инвесторларды іздеуді қамтамасыз етеді және қажетті инвестиция көлемдерін тарту мақсатында әлеуетті инвесторлармен келіссөздерге қатысады. 

7. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу
Бекітілген инвестициялық бағдарлама шеңберінде ағымдағы көрсеткіштердің жоспардан ауытқуын анықтау және тиісті түзетуші шараларды әзірлеу мақсатында ДЗО жобаларының іске асыру кезеңіндегі бюджет игерілуін бақылауды және мониторингті жүзеге асырады, сондай-ақ пайдалану кезеңінде жобалардың тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуді мониторингтеуді қамтамасыз етеді. Бекітілген тиімділік параметрлеріне сәйкес ДЗО қызметін талдайды, бұл ДЗО және Компания қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында жүргізіледі. «Самұрық-Энерго» АҚ-тың 2060 жылға дейінгі энергетикалық өтпелі бағдарламасын іске асыру шеңберінде, «Самұрық-Энерго» АҚ-тың климаттық корпоративтік басқару саясаты шеңберінде декарбонизацияға және жаңартылатын әрі баламалы энергетиканы дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін жауап береді.

9. Комплаенс тәуекелдерін басқару
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және «Самұрық-Қазына» АҚ тобының комплаенс функциясы бойынша Корпоративтік стандарт шеңберінде қарайтын бөлімшелер мен процестерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жүйелерін құру мен іске асыру үшін жауапкершілік көтереді.
10. Негізгі ішкі және сыртқы өзара іс-қимылды басқару
Функционалдық міндеттерді орындау шеңберінде шешім қабылдайтын негізгі тұлғалармен және мүдделі тараптармен қарым-қатынасты қалыптастырады және дамытады, әріптестермен, серіктестермен және Қор өкілдерімен серіктестік өзара іс-қимыл желісін құрады және қолдайды. Бұл шешімдерді тиімді қабылдауға және Компанияның мүдделерін қорғауға жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырылады.
11. Қаралатын қызмет бағыттары бойынша тәуекелдерді басқару
Тәуекелдерді басқару мақсатында және Қоғамның тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау жөніндегі тәуекелдерді басқару саясаты мен ережелеріне сәйкес қаралатын қызмет бағыттары бойынша тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды.

12. Қаралатын құрылымдық бөлімшелердің қызметін басқару.
Қаралатын бағыттар бойынша тиімділікке қол жеткізу мақсатында бөлімшелердің жұмыс жоспарын бекітеді, қызметкерлердің мақсаттарын белгілейді, қызметкерлерді іссапарға жіберу туралы шешім қабылдайды, ұсынылатын бөлімше есептілігінің уақтылығы мен сапасын бақылауды жүзеге асырады. Қаралатын бөлімшелердің қызметкерлерінің нәтижелілігін бағалайды.

Талаптар:

Менеджмент/экономика/қаржы саласындағы жоғары білім немесе бейіндік техникалық білім.
-  MBA дәрежесінің және/немесе халықаралық аккредитациясы бар магистратураның болуы;
-  Жобаларды басқару бойынша халықаралық кәсіби сертификаттың болуы: РМВОК, РМА, IPMA;
- Лауазымға сәйкес тиісті функционалдық және салалық бағыттар бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі және басқарушылық жұмыс пен ауқымды кешенді жобаларды басқару тәжірибесі (кемінде 5 жыл). Бұл кең ауқымды мәселелер спектрін қамтитын және ірі компанияларда және/немесе мемлекеттік құрылымдарда басқарылатын ресурстарды тұрақты оңтайландыру қажеттілігін көздейді;
- Қазақстандық және/немесе халықаралық компанияда Директорлар кеңесінің және/немесе Байқау кеңесінің төрағасы/мүшесі ретінде жұмыс тәжірибесі болғаны [қажет/артықшылық];
- Халықаралық қаржы институттары/ұйымдары қатысатын ірі инвестициялық жобаларды іске асыру және басқару тәжірибесі;
- Қаржылық жоспарлау тәжірибесі;
- Инвесторларды тарту тәжірибесі;
- Инвестициялық жобаларды жинау және талдау және оларды мүдделі тараптармен келісуді ұйымдастыру тәжірибесі;
- Инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша акционермен, мемлекеттік және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;
- Жобаларды басқару процестерін автоматтандыру тәжірибесі;
- Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері мен құралдарын білу;
- Қызмет бейініне сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарының заңнамасын, нормалары мен ережелерін білу;
- Қоғамның техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективалары, стратегиясы, басымдықтары туралы білім;
- Инвестициялық жоспарлау және инвестицияларды басқару әдістері мен құралдарын білу;
- Комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару саласындағы білім мен құзыреттер;
- Менеджмент жүйелері қағидаттарын және кәсіпорынның жұмыс істеу қағидаттарын білу;
- Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу (еркін меңгеру).

Қажетті қабілеттер

  • Управление проектами
  • эффективные переговоры
  • - Выстраивание эффективных коммуникаций
  • - Критическое и стратегическое мышление
  • - Привлечение инвестиций
  • международное

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Жобаларды басқару