Инвестициялар жөніндегі жетекші менеджер

«Taý-Ken Samuryq» Ulttyq tay-ken kompaniyasy» акционерлік қоғамы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
137

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қоғамның жобаларына стратегиялық серіктестер мен инвесторларды тарту бойынша қызметін ұйымдастыру және үйлестіру:

  • Инвестициялық жобалар бойынша әлеуетті серіктестермен және қаржы институттарымен келіссөздер жүргізу үшін келіссөздік ұстанымды әзірлейді және келіссөздер жүргізеді;

  • Инвесторларды тарту мақсатында презентациялық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, сондай-ақ Департамент құзыреті шеңберінде халықаралық көрмелер мен семинарларға қатысады;

  • Әлеуетті серіктестермен өзара түсіністік туралы меморандумдар мен қағидаттар туралы келісімдер жобаларының транзакциялық құжаттарын әзірлейді және келіседі, сондай-ақ оларға толықтырулар енгізеді; кейіннен белгіленген тәртіппен Инвестициялық комитеттің, Басқарманың және Қоғам мен Қордың басқа уәкілетті органдарының қарауына шығарады.

  • Қоғам активтерін сату процесін ұйымдастыру:

  • Сату үшін активтерге қаржылық-техникалық бағалау жүргізеді, ақпаратты талдайды
  • Келіссөздік ұстанымды қалыптастырады;

  • Сатуға бағытталған мәмілелерді кешенді құрылымдау және жүргізу.

  • Инвестициялық іріктеу, талдау және сатып алу бойынша мәмілелерді қолдау (сүйемелдеу) РК қолданыстағы заңнамасы шеңберінде:

  • Сатып алу жобалары бойынша қаржылық-экономикалық талдау жүргізеді және инвестициялық меморандум әзірлейді, олардың кейіннен негізгі қызмет шеңберінде интеграциялануын және синергияны іске асыруды ескере отырып;

  • Кірістілік, тиімділік, қаржылық тұрақтылық, қаржыландыру құрылымы мен шарттарына және т.б. қойылатын талаптарды ескере отырып, инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы бойынша негіздемелерді дайындайды;
  • ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқықтарын, акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алуға бағытталған процесті сүйемелдеу және ұйымдастыру.

  • Қоғамның инвестициялық жобаларының қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау және жаңарту:

  • Инвестициялық қызметті кешенді экономикалық талдау жүзеге асырады, оның ішінде бекітілген инвестициялық меморандумдарда жобаларға берілген параметрлердің орындалуын талдау;
  • Жобаның тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін жобаға тән тәуекелдерді талдау және бағалау. Бизнеc-жоспарларды, инвестициялық меморандумдарды әзірлеуге үйлестіру және қатысу;

  • ДО-ға жобаның ТЭН-ін әзірлеу және түзету, жобаның макроэкономикалық, қаржылық және өндірістік-техникалық параметрлерін қалыптастыру, тәуекелдерді, жобаны қаржыландыру шарттары мен қажеттілігін бағалау, жобаның ФЭМ және инвестициялық меморандумын дайындау бойынша сүйемелдеу және жәрдемдесу;

  • ДО-ға уәкілетті органдардың және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның (бұдан әрі – Қор) қарауына арналған инвестмеморандум мен инвестжобалар бойынша шешімдерді дайындауға жәрдемдесу;

  • ДО-ның инвестициялық салымдарының орындылығын талдау.

  • Бірігу/сіңіру (M&A) мәмілелері шеңберінде Қоғамның әлеуетті серіктестерімен және серіктестерімен жұмыс істеу процесін сүйемелдеу, сондай-ақ серіктестердің ынтымақтастыққа мүдделілігі
  • Әлеуетті инвесторларға қойылатын талаптарды және әлеуетті инвесторларды іріктеу рәсімдерін қалыптастырады;
  • Бірігу және сіңіру (M&A) мәмілелерін сүйемелдеу, ұйымдастыру процесі және жер қойнауын пайдалану құқықтарын, акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алуға бағытталған жобаларды қаржыландыруды құрылымдау.
  • Департамент құзыреті шеңберінде тәуекелдерді анықтау және бағалау:
  • Департаментке бекітілген Қоғам қызметінің функционалдық салаларында тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлеу, құжаттау, енгізу, мониторинг жүргізу және дамыту;

  • Тәуекелдерді тұрақты негізде анықтау және бағалау;

  • Тәуекелдерді басқару әдістері мен тәсілдері бойынша ұсыныстарды қалыптастыру.
  • Департаменттің ішкі қызметін ұйымдастыру:

  • Медиа-жоспарды дайындау және Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық саясатты қалыптастыру бөлігінде Қордың баспасөз қызметіне ақпаратты уақтылы, сапалы және толық ұсыну;

  • Жылдық сатып алу жоспарын қалыптастыру, келісу және әкімшілендіру, оны Департамент қадағалайтын баптар бойынша түзету;
  • Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелермен және ДО-мен өзара іс-қимыл жасау;
  • Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

 Талаптар:
  • Экономика және/немесе қаржы саласында жоғары кәсіби білім
  • Ең дұрысы кез келген деңгейдегі CFA сертификаттауы, PMP болуы
  • Инвестициялар, экономика және қаржы саласында кемінде 3 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;
  • Ең дұрысы тау-кен-металлургия саласында жұмыс тәжірибесінің болуы, Big4 компанияларында кемінде 2 жыл
  • Bloomberg-пен жұмыс істей білу
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру.
  • Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңын білу;

  • Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, жер қойнауын пайдалану саласындағы әдістемелік және нормативтік материалдарды білу;
  • Инвестициялық қызмет және тау-кен-металлургия секторын дамыту саласындағы теориялық/практикалық білім;

  • Корпоративтік қаржы, бюджеттік жоспарлау, жобаларды нарықтық және инвестициялық бағалау саласындағы білім (оның ішінде инвестициялық тартымдылық, тәуекелдер, қаржылық-экономикалық модельдерді дайындау);

  • Қаржылық модельдеу және талдау саласындағы білім мен дағдылар;

  • Microsoft Office бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, MS Excel-де қаржылық-экономикалық модельдер құру;

Шарттары:

  • Ресми жұмыспен қамту.
  • Толық жұмыс уақыты.
  • Медициналық сақтандыру.
  • Жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы.


Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру