КБЖД Корпоративтік коммуникациялар бойынша сарапшының

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
785

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) Филиал басшылығында тоқсан сайынғы медиа-жоспарларды қалыптастыру, бекіту және уақтылы іске асыру;
  • 2) Бекітілген тоқсан сайынғы медиа-жоспар шеңберінде баспасөз конференцияларын, брифингтер мен басқа да PR-іс-шараларды өткізу;
  • 3) Бекітілген медиа-жоспарлар шеңберінде әзірленген баспасөз релиздері мен ақпараттық хабарламаларды, сондай-ақ компанияның қызметтері мен жобаларын БАҚ-та ақпараттық жариялау жөніндегі қоғамның бұйрықтарын, БАҚ пен журналистердің электрондық мекенжайларына, ақпараттық агенттіктердің сайттарына, интернет-ресурстарға дайындау, келісу және уақтылы тарату, сондай-ақ Қоғамның корпоративтік порталдарына орналастыру;
  • 4) КБД қызметі туралы БАҚ және мемлекеттік органдардың сұрау салуларына толық жауаптарды жедел ұсыну;
  • 5) Ағымдағы қызмет бойынша құжаттарды қалыптастыру және келісу;
  • 6) Қызметтерді, жұмыстарды және тауарларды сатып алуды жүргізу үшін техникалық құжаттаманы дайындау және келісу;
  • 7) Дивизиондағы басшылық пен персоналдың коммуникациялық іс-шаралары және қолданыстағы ішкі коммуникация арналары арқылы Қоғамдағы өзгерістер туралы қызметкерлерді уақтылы хабардар ету;
  • 8) Аудиторияның ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерін, саланың даму үрдістерін, жарияланымдар мен хабарландыруларды, жекелеген қатысушыларды және олардың жетістіктерін айқындау мақсатында ақпарат жинауды жүзеге асыру және PR мен медиа нарықты дамыту бағыттарын зерделеу;
  • 9) Ішкі және сыртқы байланыс арналарымен қарым-қатынасты тиімді құру үшін коммуникация арналарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастыру, жаңа идеялар мен коммуникациялық модельдер құру;
  • 10) Медиа нарықты және оның қатысушыларын талдау, компанияның имиджін бағалау және брендін бұқаралық ақпарат құралдарында атап өту бөлігінде сараптамалық бағалауды дайындауға қатысу;
  • 11) Қызметкерлердің жалпы көңіл-күйін түсіну үшін сауалнама мен дауыс беруді жүргізуді ұйымдастыру;
  • 12) Іс-шаралар өткізуге бюджетті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • 13) Өзінің кәсіби деңгейін үздіксіз арттыру;
  • 14) Ұжымдық рухты қалыптастыру және ұжымда қолайлы психологиялық климатты нығайту, КБД әлеуметтік тұрақтылық индексін арттыруға бағытталған жанжалды жағдайларды жою бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;
  • 15) Компания үшін мерекелік және өзге де маңызды күндерге орайластырылған корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу.

Талаптар:

  • жоғары (экономикалық, заңдық немесе гуманитарлық);
  • бағдарламаларды білу: MS Office, PowerPoint, Photoshop, келіссөздер жүргізу қабілеті, мәселелерді шешуге стандартты емес көзқарас, топтық жұмыс дағдылары;
  • жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілет, қарым-қатынас, белсенділік, табандылық, әзіл сезімі, шығармашылық, берілгендік, жігер, әдептілік.

Қажетті қабілеттер

  • Навыки работы в команде
  • Активная жизненная позиция, целеустремленность.
  • Adobe Photoshop
  • Котрактные переговоры
  • ) MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Access, Visio, Outlook, Microsoft Project)
  • - Коммуникабельность, ответственность, исполнительность, мобильность

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)