Адами ресурстарды басқару департаменті адами ресурстарды басқару басқармасының персоналды тарту және дамыту секторының жетекші маманы Кәсіби облыс: Персоналды басқару

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
81

Қаралған саны:
3214

   Конкурс туралы

Білімі:

  • 1) Жоғары кәсіптік білім;
  • 2) Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары/магистр немесе МВА дәрежесі немесе басқа бағдарламалар (болғаны жөн).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Жалпы жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл;
  • HR саласында кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;
  • Ірі компаниялардағы персоналдың қызметін бағалау саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
  • Персоналдың қызметін бағалау саласында жобаны «нөлден» енгізудің міндетті тәжірибесі;
  • Оқыту орталықтарын құру/дамыту тәжірибесі;
  • Жеке-іскерлік және кәсіби құзыреттерді әзірлеу тәжірибесі;
  • Персоналды оқыту және дамыту саласындағы жобаларды әзірлеу және іске асыру.
  • Кадр резерві үшін даму бағдарламаларын, менторлік және тәлімгерлік бағдарламаларын және т.б. әзірлеу және іске асыру.

Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар:

  • GRP, CIPD, SHRM немесе т.б. сертификаттары бар болғаны жөн.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар (меңгеру деңгейін көрсету, мысалы, В1 (қаз.), Advanced (ағыл.) және т. б.:

  • Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу (болғаны жөн).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерін білуі;
  • Персоналды басқару теориясының негіздерін және оның уәждемесін, персоналды басқару саласындағы үздік тәжірибелерді (әдістер мен құралдар), еңбекке ақы төлеу нысандары мен жүйесін, оны ынталандыруды, қызметкерлерді бағалау әдістерін және олардың еңбек нәтижелерін, персоналды оқыту мен дамытудың нысандары мен әдістерін, ҚР салалық және еңбек заңнамасын білуі.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Бағалау, оқыту және дамыту процестерін әдіснамалық қолдауды ұйымдастыру, сыйақыны басқару (материалдық және материалдық емес сыйақы, грейдинг), HR-есептілік пен талдауды басқару дағдылары;
  • Жобалау қызметінің дағдылары;
  • Командада жұмыс істеу, келіссөздер жүргізу дағдылары, коммуникативтік дағдылар, көпшілік алдында сөйлеу, презентация, жобалық басқару дағдылары;
  • Адами ресурстарды басқару саласындағы тәуекелдерді басқару дағдылары;
  • HR процестерін автоматтандыру/цифрландыру тәсілдерін/құралдарын меңгеру дағдылары.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:
  • Компанияның бизнес-процестерінің ерекшелігін, персонал құрылымын және бағалау міндеттерін ескере отырып, персонал қызметін бағалаудың тәсілдерін талдау және айқындау;
  • Персоналдың қызметін бағалау тәсіліне сәйкес бағалау рәсімдері мен әдістерін бейімдеу;
  • Персоналды оқыту және дамыту саласындағы жобаларды әзірлеу және іске асыру;
  • Кадр резерві үшін даму бағдарламаларын, менторлік және тәлімгерлік бағдарламаларын және т.б. әзірлеу және іске асыру;
  • Персоналдың қызметін бағалау процесі шеңберінде қызметкерлердің уәждемесін жақсарту және оларды оқыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
  • Жеке-іскерлік және кәсіби құзыреттерді әзірлеу;
  • Әдіснамалық көмек көрсету, ҚМГ және ЕТҰ қызметкерлеріне (қажет болған жағдайда) персонал қызметін бағалау, оқыту және дамыту мәселелері бойынша консультациялар беру;
  • Жетекшілік ететін бағыттар бойынша есептер, презентациялар дайындау;
  • Жетекшілік ететін бағыттар бойынша ағымдағы (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді) жобаларды бірлесіп іске асыруға және автоматтандыруға қатысу;
  • Тікелей басшы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Кандидатқа қойылатын ұосымша талаптар (болған кезде):
  • Персоналдың қызметін бағалау және персоналды оқыту және дамыту саласында басшылық жұмыс тәжірибесінің болуы кандидаттарды іріктеу кезінде артықшылық болады;
  • HR саласындағы жобалық қызмет тәжірибесінің болуы (жобаға қатысу) кандидаттарды іріктеу кезінде артықшылық болады.