Қаржы департаментінің қазынашылық басқармасының бас маманы
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Білімі:
- Жоғары қаржылық білім;
- Тиісті лауазым бейіні/менеджмент/экономика/қаржы/МВА/басқа (жақсырақ) бойынша магистр дәрежесінің болуы.
Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:
- Қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл тәжірибесі (мұнай-газ компанияларында).
Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):
- Қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл тәжірибесі (мұнай-газ компанияларында).
Басқарушылық тәжірибесі:
- Орындаушылар тобын басқару бойынша кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар (меңгеру деңгейін көрсету, мысалы, В1 (қаз.), Advanced (ағыл.) және т. б.:
- В1 (қаз.);
- Advanced (ағыл.).
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
- Акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнама саласында;
- Мұнай-газ саласындағы заңнама;
- Қазақстан Республикасының банк және валюта заңнамасы саласында;
- Экономика және қаржы, бизнес - жоспарлау процестері саласында;
- Қаржы институттарындағы қаржыландыру схемалары мен құрылымдары саласында;
- ҚМГ тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
- Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
- Сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулық сақтаудың және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің интеграцияланған жүйесі, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі саласында
- Мемлекеттік және ағылшын тілдерін (ауызша және жазбаша) білген жөн.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Аналитикалық қабілеттерге ие болу;
- Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары;
- Командада жұмыс істеу дағдылары.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:
- ҚМГ қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ кассалық жоспары шеңберінде қаражат тапшылығын жабуды және ҚМГ қаржыландыруды тартуды жоспарлауды жүзеге асырады;
- ҚМГ міндеттемелерінің кірістілігі мен өтелуін қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ-ның уақытша бос ақшасын қаржы құралдарына инвестициялау және конверсиялық операцияларды жүзеге асыру процестерін ұйымдастырады;
- ҚМГ шығындарын азайту мақсатында мерзімі өткен дебиторлық/кредиторлық берешекті қайта құрылымдау жөніндегі шараларды әзірлеуді жүзеге асырады;
- ҚМГ міндеттемелерін өтеу мақсатында төлемдер тізілімін келіседі және төлемдерге санкция береді;
- ҚМГ компаниялар тобының бизнес-функцияларын трансформациялау бағдарламасын іске асыру мақсатында Орталықтандырылған қазынашылық моделін әзірлеуге және енгізуге қатысады;
- Бизнес-процестерді ресімдеу мақсатында қазынашылық мәселелерін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттар мен әдіснамаларды әзірлейді;
- "Самұрық-Қазына" АҚ және ҚМГ нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ-ның қарыздық қаржыландыруды ұсыну және кепіл мүлкін басқару процесіне мониторингті жүзеге асырады;
- Есепте дұрыс көрсету мақсатында ҚМГ қаржы құралдарын танудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
- Есеп айырысулар мен деректемелердің тәртібін тексеру мақсатында шарттарды келіседі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
Бас бухгалтер
«Кокшетауская ТЭЦ» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
17.12.2024 | 215
«Кедентранссервис» АҚ Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалының бухгалтері
Южно-Казахстанский региональный филиал АО «Кедентранссервис» | Еңбекпен толық қамтылу
| Түркістан облысы
19.12.2024 | 749
230335 - 273357