Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының жетекші маманы (аутстаффинг секторы) (негізгі қызметкер бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңге)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Білімі:
- Жоғары кәсіби;
- Лауазымның тиісті бейіні/ экономика/ қаржы/ МВА/ басқа бойынша магистр дәрежесі болуы (абзал).
Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:
- Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында кемінде 4 жыл.
Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:
- Қазақ тілін меңгеру деңгейі В1 (ауызша және жазбаша Қазақ тілі).
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
- Құжаттау және құжаттаманы басқару туралы заңнама саласындағы білімі (оның ішінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" ҚР Заңдары, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары және басқа да нормативтік-құқықтық актілер), іс қағаздарын жүргізу, мөрлер мен мөртабандарды есепке алу және сақтау, құпия іс қағаздарын жүргізу, архив ісі және басқалар саласындағы ішкі нормативтік құжаттар бойынша білім.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары; ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау, презентациялар мен есептер жасау дағдылары; құжаттарды дайындау кезінде баяндаудың ресми іскерлік стилін қолдану; коммуникация, уақытты басқару дағдылары.
Осы лауазымның функционалдық міндеттері:
- ЭҚЖ-да ҚМГ корпоративтік электрондық адресіне (astana@kmg.kz) және қағаз тасығыштарда пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол бөгде заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен кіріс хат-хабарды тіркейді;
- Кіріс құжаттарда көрсетілген мерзімдерді ескере отырып немесе ҚР заңнамасының немесе ҚМГ компаниялар тобындағы іс жүргізу жөніндегі регламенттің талаптарына сәйкес құжаттарды орындау мерзімдерін дербес айқындайды және белгілейді, орындау мерзімдеріне байланысты бақылау түрін белгілейді; хатта нақты адресат болмаған кезде Басқарма төрағасы, оның орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары арасындағы бекітілген міндеттерді бөлуді, сондай-ақ өзге де ішкі құжаттардын ескере отырып, құжатты қарауға жіберу қажет басшылардың тізімін айқындайды;
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ «eOtinish» жүйесі (құжаттарды маршруттау) бойынша ҚМГ-ге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша мемлекеттік органдар мен Қордың тапсырмаларын ҚМГ басшылығының қарауына жібереді;
- ЭҚЖ-да тіркелген құжаттарды басшылықтың қарауына жеткізуді бақылайды;
- Өз құзыреті шеңберінде ҚМГ қызметкерлеріне, мемлекеттік органдардың, Қордың және өзге де ұйымдардың өкілдеріне келіп түскен құжаттардың мәртебесі бойынша, орындаушыларға консультациялық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;
- Сауалдар бойынша кіріс құжаттар жөнінде ақпаратты дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалының Кадрлық әкімшілендіру департаментінің еңбек қатынастарын ресімдеу бойынша функционалдық бағыттағы менеджер (16 Грейд)
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
12.12.2025 | 178
от 561449
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалының кадрлық әкімшілендіру департаментінің персоналға қызмет көрсету функционалдық бағытының менеджері (15 Грейд)
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
11.12.2025 | 161
от 482846
Таукент филиалы Төртқудық бөлімшесінің маман-іс жүргізушісі
«Qorǵan-Security» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
10.12.2025 | 175