Цифрлық клиенттік жолдарды дамыту секторының Бас бизнес-аналитигі. Цифрлық кеңсе бөлімі ДРБ
«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
-
Міндеттері:
- Бөлшек сегменттегі цифрлық сату және қызмет көрсету арналарында пайдаланылатын сыртқы бағдарламалық өнімдерді цифрлық каталогпен, CRM және басқа да ақпараттық жүйелермен біріктіру үшін API әзірлеуге қатысуды қамтамасыз ету;
- Сыртқы серіктестер мен вендорлар тарапынан клиенттік өнімдерді ақпараттық интеграциялау мен сервистік қолдауды үйлестіру;
- Клиенттерге цифрлық қызмет көрсету және цифрлық өнімдер бағыты бойынша ағымдағы бизнес-үдерістердің ахуалын талдау, жақсартуды талап ететін әлсіз жақтарын анықтау, ішкі және сыртқы клиенттер үшін В2С сегментінде клиенттерге цифрлық қызмет көрсетуді жақсарту және дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Бизнесті талдауды және бизнестің қажеттіліктеріне әзірлеу үшін мақсаттар қоюды жүзеге асыру;
- Техникалық құжаттаманы әзірлеуді және міндеттер қоюды жүзеге асыру;
Талаптар:
- Бизнес-үдерістерді құру және оңтайландыру тәжірибесі. Бизнес-процестердің сипаттамасы (AS IS) және қалай болуы керек (TO BE).
- Бизнес-үдерістерді, интеграциялық іс-қимылдарды зерттеу және сипаттау, өнімді әзірлеу / пысықтау талаптарын жинау және рәсімдеу тәжірибесі.
- Өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерін және даму үдерістерін түсіну. Camunda Modeler-де жұмыс істей білу, BPMN 2.0 жұмыс үдерістерін және DMN бизнес қағидаларының шешімдерін модельдеу.
- Міндеттер қоя білу және орындау мерзімдерін сақтау.
Шарттары:
- ҚР ең ірі телекоммуникациялық компаниясында жұмыс істеу;
- ҚР ЕК-не сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
- Компания есебінен оқыту;
- Уақытылы жалақы;
- Жақсы әлеуметтік пакет;
- Қызықты мақсаттар мен міндеттер;
- Мансап сатысымен көтерілу мүмкіндігі.
Қажетті қабілеттер
- Аналитический склад ума
- Инициативность
- Самодисциплина
- Системное мышление
- Ответственность
- Целеустремленность
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)