Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының жетекші маманы (аутстаффинг секторы) (қызметкер бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңде)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
79

Қаралған саны:
1636

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары гуманитарлық / техникалық / экономикалық / заңгерлік / архив ісі;
  • Тиісті лауазым бейіні/ экономика/ қаржы/ МВА/ басқа бойынша магистр дәрежесінің болуы (болғаны жақсы).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Кемінде 4 жыл.

Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):

  • Кемінде 4 жыл.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:

  • Қазақ тілін білу деңгейі В1 (қазақша сөйлеу және жаза білу).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңдары, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Заманауи технологияларды, есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын қолданып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу; ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау, есептер жасау дағдылары; құжаттарды баяндаудың іскерлік стилін  білуі.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • Кіріс хат-хабарларды тексереді және ЭҚЖ-ға тіркейді, ҚМГ-ге қате келіп түскен құжаттарды ЭҚЖ бойынша қайтаруды жүзеге асырады;
  • Кіріс құжаттарда көрсетілген мерзімдерді ескере отырып немесе ҚР заңнамасының немесе ҚМГ компаниялар тобындағы іс жүргізу жөніндегі регламенттің талаптарына сәйкес құжаттарды орындау мерзімдерін дербес айқындайды және белгілейді, орындау мерзімдеріне байланысты бақылау түрін белгілейді; хатта нақты адресат болмаған кезде Басқарма төрағасы, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің басшылары арасындағы бекітілген міндеттерді бөлуді, сондай-ақ өзге де ішкі құжаттарды ескере отырып, құжатты қарауға жіберу қажет басшылардың тізімін айқындайды;
  • ЭҚЖ бойынша кіріс құжаттардың басшылықтың қарауына жеткізілуін және ерекше немесе жұмыс бақылауына қойылған құжаттарды орындауға уақтылы жіберілуін бақылайды;
  • Басқарма төрағасының бұрыштамаларын жұмыс бақылауына қойылған кіріс құжаттарына енгізеді;
  • Сауалдар бойынша кіріс құжаттары бойынша статистикалық және өзге де ақпаратты дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады; тұтынушылардың қанағаттануы бойынша теріс деректері бар мемлекеттік органдардан, Қордан және өзге де ұйымдардан келіп түскен құжаттар туралы ақпарат береді;
  • Өз құзыреті аясында ҚМГ қызметкерлеріне, мемлекеттік органдардың, Қордың және өзге де ұйымдардың өкілдеріне келіп түскен құжаттардың мәртебесі бойынша консультациялық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр