«KEGOC» АҚ «ЖО ҰДО» филиалының Диспетчерлік қызметі диспетчерлер тобының диспетчері
Лауазымдық міндеттері:
1) ауысым басталғаннан кейінгі бірінші сағат ішінде Филиал Қызметінің аға диспетчерімен бірге ауысымды қабылдаған аға ӨДО диспетчерлерінен баянат қабылдайды;
2) ЖО ҰДО ДҚ диспетчерлер тобының аға диспетчерінің ауысымы ұзақтығының шегінде жедел бағынады;
3) ауысымының ұзақтығы шегінде Өңірлік диспетчерлік орталықтардың (бұдан әрі-ӨДО), «КЕGОС» АҚ Жүйеаралық электр тораптары (бұдан әрі-ЖЭТ) филиалдарының кезекші аға диспетчерлері және кезекші диспетчерлері, «Энергоинформ» АҚ кезекші персоналы жедел басқаруында болады;
4) Филиал Қызметі қызметкерінің жедел басқаруындағы электр станцияларының жабдықтарын іске қосуға және тоқтатуға өкімдер мен рұқсаттар береді, біртұтас электр энергетикалық жүйеде (бұдан әрі – БЭЖ) электр станцияларының қуат резервтерінің шамасын бақылайды және есепке алады;
5) электр станциялары жабдықтарының күйін бақылайды;
6) электр станциялары мен энергия блоктарының қуаттылығының жетіспеушілігінің себептерін тұрақты есепке алады;
7) БЭЖ неғұрлым сенімді схемасын қолдайды, Филиал Қызметінің қызметкерінің басқаруындағы немесе жүргізуіндегі өңіраралық байланыстар мен энергия объектілерінің пайдалану схемасын қадағалайды;
8) гидроэлектр станциялары (бұдан әрі – ГЭС) бойынша берілген су шығынын қамтамасыз етеді;
9) Филиал Қызметі қызметкерінің жедел басқаруындағы 220-500-1150кВ әуе желілеріндегі (бұдан әрі - ӘЖ) релелік қорғау және автоматика құрылғыларының, режимдік және аварияға қарсы автоматика (бұдан әрі - АА) құрылғыларының жай-күйіне жедел бақылауды жүзеге асырады;
10) Филиал Қызметі қызметкерінің жедел басқаруындағы релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика (бұдан әрі - РҚ және АА) желілерінде, құрылғыларында жедел ауысуларды тікелей басқарады;
11) БЭЖ жұмыс режимін құру және Филиал Қызметі қызметкерінің жедел қарауындағы РҚ және АА желілерінде, жабдықтарында, құрылғыларында жедел ауысулар жүргізуге рұқсат береді;
12) Қазақстан БЭЖ бақылау нүктелерінде кернеу деңгейіне бақылау жүргізеді және кернеудің рұқсат етілген деңгейлерін қолдайды;
13) негізгі сызықтар мен бақыланатын қималар бойынша ағындарды бақылайды;
14) Ресей БЭЖ-імен қатар жұмыс істеген кезде (Орталық Азия БЭЖ) берілген тәуліктік кестеге сәйкес мемлекетаралық байланыстардағы қуат ағындарын бақылайды және реттейді;
15) энергия жүйесіндегі жиілікті реттейді, Қазақстан БЭЖ оқшауланған жұмысы кезінде жиілікті реттейтін электр станциясын тағайындайды,
16) электр жеткізу желілерін авариялық қайта тиеу кезінде «Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде авариялық бұзылыстарды болдырмау және оларды жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес электр станцияларын жүктеуге және энергия жүйесінің қабылдаушы бөлігінде тұтынушыларды шектеуге өкімдер береді;
17) БЭЖ режимін жүргізу кезінде диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесінің құралдарын (бұдан әрі-ДБАҚ) пайдаланады;
18) өңіраралық маңызы бар сынақтарға, сондай-ақ БЭЖ негізгі желісінің жаңа жабдықтарын қосуға жедел басшылықты жүзеге асырады;
19) Қазақстан БЭЖ-інде технологиялық бұзылыстардың алдын алу және оларды тез оқшаулау мен жоюды қамтамасыз етеді;
20) қажетті жағдайларда олардың басқаруындағы жабдықтар мен ӘЖ апаттарын жою кезінде ӨДО диспетчерлеріне көмек көрсетеді;
21) берілетін өкімдердің жедел журналына мұқият жазуды (қысқартылған және анық нысанда) және олардың орындалуын, БЭЖ-дегі авариялық бұзылыстарды жою барысын, ӨДО диспетчерлерінің жедел хабарламаларын және т. б;
22) жұмысқа кірісе отырып, диспетчерлер тобының алдыңғы диспетчерінен ауысымды қабылдауы тиіс, ал жұмыс аяқталғаннан кейін ауысымды кесте бойынша келесі диспетчерлер тобының диспетчеріне тапсыруы тиіс;
23) энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының генерациялаушы қондырғыларының (оның ішінде кезектен тыс) электр қуатын аттестаттау жөніндегі іс-шараларды тікелей жүргізуге басшылық жасайды;
24) техникалық шектеулерді енгізуге (алып тастауға) өтінім негізінде қуат нарығын тұтынушының электр энергиясын тұтынуына техникалық шектеулерді енгізуге (алып тастауға) командалар береді;
25) Қазақстан БЭЖ жұмыс режимін жүргізу кезінде ААОЖ-мен жұмыс істейді;
26) диспетчердің ҚАР мониторы бойынша желінің параметрлері мен элементтерінің, бақыланатын ААОЖ жай-күйін бақылау арқылы ААОЖ жоғарғы деңгейдегі бағдарламалық-техникалық кешенінің (бұдан әрі-жоғарғы деңгейдегі БТК) жұмысының жедел мониторингін орындайды:
- ААОЖ құрылғылары мен ТББЖА құрылғылары арасында байланыс арналарының болуы ;
- ААОЖ құрылғылары мен SCADA сервері арасында байланыстың болуы;
- жеке ӘЖ бойынша да, қималар бойынша да қуаттың ТӨ болуы және нақтылығы;
- ӘЖ жай-күйін мониторингтеу (қосылған/ажыратылған);
27) диспетчердің АЖО-сымен Қазақстан БЭЖ-інің жұмыс режимін жүргізу кезінде жиілікті және қуат ағындарын автоматты реттеу жүйесімен (бұдан әрі – ЖҚАР) жұмыс істейді;
28) диспетчердің АЖО мониторы бойынша бақылау жолымен ЖҚАР жұмысының жедел мониторингін жүргізеді:
- ЖҚАР ақпарат жинау контурына кіретін ТӨ және ТС сәйкестігіне, оның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін;
- ЖҚАР құрамына кіретін электр станциялары генерациясын нақты басқарудың берілген алгоритмдерге сәйкес келуі;
- реттеу резервтерінің тиімділігі мен жеткіліктілігін талдау;
29) Қазақстан БЭЖ жұмыс режимін жүргізу кезінде диспетчерлердің WACS жүйесімен жұмысын бақылайды;
30) диспетчердің АЖО-сында Қазақстан БЭЖ жұмыс режимін жүргізу кезінде қуаттың жиілігі мен ағынын автоматты реттеу жүйесімен (бұдан әрі – ЖҚАР) жұмыс істейді;
31) диспетчердің АЖО мониторы бойынша WACS бақылайтын параметрлер мен желі элементтерінің жай-күйін бақылау арқылы WACC бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмысына жедел мониторинг жүргізеді.
Талаптар:
- Электр энергетикасы/ бейінді электр энергетикасы бағыты бойынша жоғары білім;
- «KEGOC» АҚ-да жедел-диспетчерлік басқару саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
- V электр қауіпсіздігі тобы;
- MS office тәжірибелі қолданушысы.
- Қазақ, орыс тілдерін білу
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану саласындағы салалық қағидаларды, нормаларды, талаптарды, Электр жабдықтарын орнату қағидаларын, Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, энергетикалық ұйымдарда өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде персоналмен жұмыс істеу қағидаларын білу, құжат айналымы жүйесі бойынша түсетін мемлекеттік тілдегі ақпаратты қабылдау құжаттың мәнін және оның лауазымдық міндеттерін орындау үшін жеткілікті негізгі ережелерін түсіну;
- Жүйелік оператордың ұлттық немесе өңірлік диспетчерлік орталықтарының қызметін үйлестіру тәжірибесі;
- электр энергиясын өндіру, беру және диспетчерлеу саласындағы теориялық және практикалық білім;
- жетекшілік ететін өңірдің электр желісінің схемасын, «KEGOC» АҚ негізгі жабдықтарының параметрлері мен құрамын білу;
- кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау).
Түйіндемелер 2024 жылғы 1 ақпанға дейін (қоса алғанда) қабылданатын болады.
Қажетті қабілеттер
- 5 группа допуска по электробезопасности
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Ұқсас вакансиялар