Шетелдік активтерді басқару Басқармасының бастығы

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
80

Қаралған саны:
1083

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білімі:

  • Жоғары техникалық және/немесе экономикалық және / немесе заң білімі. Тиісті лауазым бейіні бойынша магистр дәрежесінің болуы/МВА / басқа.

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Қаржылық талдау және бизнес-жоспарлау саласында кемінде 6 жыл, оның ішінде Маркетинг және трейдинг саласында кемінде 3 жыл.

Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):

  • Кем дегенде 3 жыл.

Басқарушылық тәжірибесі:

  • Кем дегенде 5 жыл.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар (меңгеру деңгейін көрсету, мысалы, В1 (қаз.), Advanced (ағыл.) және т. б.:

  • Мемлекеттік тілді білу (жазбаша және ауызша), шет тілін білу (ағылшын upper intermediate).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Инвестициялық талдау, жобаларды басқару, мұнай өңдеу саласында;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесінің және ҚМГ ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
  • Сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулықты қорғаудың және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, орнықты дамудың, ақпараттық қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесі саласында;
  • Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасын білу (Акционерлік қоғамдар және инвестициялар туралы заңдар).

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары;
  • Есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;
  • Тиімді презентация дағдылары;
  • Келіссөздер жүргізу дағдылары;
  • Іскерлік қарым-қатынас дағдылары;
  • Басшының дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • ҚМГИ тобы шеңберінде сату мен маркетингтің функционалдық стратегияларын әзірлеуге, олардың орындалуын бақылауға жауапты;
  • ҚМГ шеңберіндегі бизнес-жоспарларды, инвестициялық жобаларды шоғырландырады, талдайды және ҚМГ уәкілетті органының бекітуіне шығарады;
  • Қаржы-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға және жетекшілік ететін ҚМГИ салық салу құрылымын оңтайландыруға жәрдемдесуге;
  • ҚМГ-ның басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, уәкілетті органдардың бірлескен кеңестері мен отырыстарында талқылау үшін ҚМГ-ның жұмыс бағдарламасы мен бюджеті шеңберінде шетелдік активтер мәселелері бойынша ҚМГ мүдделерін қозғайтын материалдар мен өзекті мәселелерді белгіленген тәртіппен ұсынуға міндетті;
  • ҚМГИ инвестициялық жобаларын, өндірістік бағдарламаларын және жылдық бюджеттерін әзірлеуге, талдауға және сараптама жүргізуге қатысуға;
  • Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізуге
  • Жетекшілік ететін ҚМГИ-нің өндірістік бағдарламалары мен бюджеттерін келісуге, оның құзыреті шеңберінде орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
  • Жетекшілік ететін ЕТҰ-ның іске асырылатын жобалары бойынша әріптестермен, үкіметтік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға және үйлестіруге;
  • Жетекшілік ететін ЕТҰ-ның ағымдағы сот/төрелік талқылауларының жүргізілуін бақылауға;
  • Келіссөздер жүргізу процесін және ҚМГИ тобының активтерін сатып алу және сату мәмілелерін тиімді құрылымдауды, ҚМГИ активтерін қайта құрылымдау жөніндегі жол карталарын қалыптастыруды және іске асыруды үйлестіреді.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр