Мұнай-сервистік активтер департаменті бизнес-аналитика және мұнай-сервистік активтерді сүйемелдеу басқармасы бизнес-аналитика секторының бас маманы

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
62

Қаралған саны:
1518

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білімі:

  • Жоғары экономикалық / техникалық. Тиісті лауазым бейіні  магистр дәрежесі, МВА/т.б. болуы (мүмкіндігінше).  

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Мұнай саласында және / немесе мұнай сервисі кемінде 7 жыл 

Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):

  • Кемінде 4 жыл (жақсырақ бизнес-аналитикада / өндірістік қарым-қатынас)

Басқарушылық тәжірибесі:

  • Кемінде 2 жыл

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:

  • Қазақ, орыс (міндетті) және ағылшын тілдерін (бастаушы деңгейде) білуі

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын (Нормативтік құқықтық актілер туралы заң, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заң, Акционерлік қоғамдар туралы заң, Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы заң, Табиғи монополиялар туралы заң, Газ және газбен жабдықтау туралы заң) білу;
  • Өндірістік-қаржылық қызметке мониторинг және талдау жүргізу;
  • Есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалану;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында; 
  • GRI жүйесінің орнықты даму қағидаттары саласында;
  • Интеграцияланған сапа менеджменті жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында;
  • Мұнай-газ жобаларын басқару саласында;
  • Есеп жүйесін құру саласында;
  • Инвестициялық жобаларды қаржылық модельдеу және бағалау саласында;

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс (Microsoft Office, Word, Excel, Directum) бағдарламалары);
  • Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау;
  • Басқарушылық дағдылары;
  • Келіссөздер жүргізу;
  • Бизнес-процестерді модельдеу;

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • Жетекшілік ететін ҚМГ МС ЕТҰ жобалары бойынша тәуекелдерді басқару үшін жетекшілік ететін ҚМГ МС ЕТҰ жобаларының қаржылық тиімділігін талдау, оның ішінде жобалар бойынша тиімділік есептерін келісу және орындау;
  • Жетекшілік ететін ЕТҰ жыл сайынғы өндірістік бағдарламаларының, бизнес-жоспарларының, бюджеттерінің және оған түзетулердің ұсынылған жобаларын қарау, талдау, ұсыныстар енгізу, келісу, шығару және алдын ала мақұлдау;
  • Бизнес-жоспарлар мен бюджеттер шеңберінде өндірістік-қаржылық көрсеткіштердің орындалуын бақылау және мониторинг жүргізу, негізгі өндірістік-қаржылық көрсеткіштердің жоспарланғаннан ауытқу себептерін анықтау, оларды жою жөнінде ұсыныстар дайындау, тарифтердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын есептеулерді қалыптастыруға және келісуге қатысу, жетекшілік ететін ҚМГ МС ЕТҰ қаржы қаражатының пайдаланылуына мониторинг жүргізу;
  • Жетекшілік ететін ҚМГ МС ЕТҰ қызметіне корпоративтік стандарттарды енгізуді ұйымдастыру, қорытынды шешімдерді әзірлеу және бекіту мақсатында ҚМГ, жетекшілік ететін ҚМГ МС ЕТҰ, басқа акционерлер/қатысушылар (қажет болған жағдайда) арасында тиімді коммуникацияны жолға қою, басқа акционерлермен/қатысушылармен келіссөздер жүргізу және өзара іс-қимыл жасау;
  • ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарының инвестициялық жобаларын қарау және ҚМГ ИҚ-ға шығару жөніндегі материалдарды келісу;
  • ҚМГ басшылығына және ҚМГ акционерлеріне, мемлекеттік органдарға және ҚМГ құрылымдық бөлімшелеріне жетекшілік ететін ҚМГ МС ЕТҰ қызметінің мәселелері бойынша талдамалық анықтамаларды/презентацияларды/баяндамаларды, сондай-ақ жетекшілік ететін ҚМГ МС ЕТҰ баспасөз хабарларын, сөз сөйлеулерін және жарияланымдарын дайындауды және келісуді қамтамасыз ету;
  • Мұнай-сервистік активтер мәселелері бойынша есептер мен қорытындылар дайындау;
  • Жетекшілік ететін қызмет бағытының құзыретіне жататын қызметтің негізгі көрсеткіштерінің нысаналы мәндерінің жетістіктерін бақылауды жүзеге асыру;
  • ҚМГ басшылығына, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, Энергетика министрлігіне талдамалық ақпарат дайындау, жоғары тұрған органдар тапсырмаларының орындалуы жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және функционалдық міндеттері шеңберінде ҚМГ құрылымдық бөлімшелерімен, ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарымен, бөгде ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • ҚМГ басшылығына талдамалық ақпарат дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру, корпоративтік басқару және ЕТҰ жасалатын мәмілелер шеңберінде басқару органдарының қарауына шығарылатын мәселелер бойынша ҚМГ мүдделерін ескере отырып, ұстанымын әзірлеу және айқындау, сондай-ақ қабылданған корпоративтік шешімдердің орындалуына мониторинг жүргізу; ҚМГ Директорлар кеңесінің, Басқармасының, консультативтік-кеңесші органдардың және басшылығының, департамент директорының жетекшілік ететін жобаларға қатысты шешімдерін ЕТҰ-ның іске асыруын үйлестіреді.
  • Басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр