"Қазтеміртранс" АҚ ақпараттық жүйелер және технологиялар Департаментінің ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу жөніндегі функционалдық бағытының бас менеджері (17 грейд)

от 497437
АО "Қазтеміртранс" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
60

Қаралған саны:
885

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Заманауи ақпараттық технологияларды енгізу тұжырымдамаларын, бағдарламаларын, жоспарларын әзірлеуді және технологиялық процестерді автоматтандыру бағытында ақпараттық жүйелерді құруды жүзеге асырады;
  • Жүйелерді өзгерту және қосымша функцияларды әзірлеу бойынша функционалдық талаптар мен техникалық қойылымдарды тұжырымдайды және үйлестіреді, ақпараттық жүйелердің жаңа (пысықталған) функцияларының функционалдық талаптарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
  • Ақпараттандыру жобаларын дамыту, жаңғырту, пысықтау бөлігінде жүйелерді әзірлеушілермен өзара іс-қимылды бақылауды, жаңа функцияларды әзірлеу алгоритмдерін келісуді жүзеге асырады;
  • Өзгеретін ішкі қажеттіліктерге сәйкес қоғамның ақпараттық жүйесін дамытуды, жаңа буындардың технологиялық платформаларын енгізуді жүзеге асырады;
  • Міндеттерді анықтауды, оларды алгоритмдеуді, қоғамның автоматтандырылған басқару жүйелерін ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді байланыстыруды жүзеге асырады;
  • Функционалдық бағыт құзыреті шегінде жүйелерді кезең-кезеңмен енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары; 
  • Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; Информатика; Ақпараттық жүйелер; ақпараттық қауіпсіздік жүйелері; компьютерлік технология және бағдарламалық қамтамасыз ету; математикалық және компьютерлік модельдеу; радиотехника; электроника және телекоммуникация және/немесе теміржол мамандықтары;
    Жұмыс тәжірбиесі: тиісті салада 4 жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр