Бизнесті дамыту жөніндегі бас менеджер

«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
32

Қаралған саны:
506

   Конкурс туралы
Міндеттері:
  • «СҚ Бизнес Сервис» ЖШС (бұдан әрі - компания) бизнес-процестерді аутсорсинг қызметтерін көрсету шеңберінде периметрді кеңейту мақсатында жаңа әлеуетті тапсырыс берушілерді іздеу, жаңа әлеуетті тапсырыс берушілер үшін компания көрсететін бизнес-процестерді аутсорсинг қызметтері туралы презентациялар дайындау және өткізу, бизнестің өсу мүмкіндіктерін анықтау үшін нарық пен жаңа трендтерге талдау жүргізу, жаңа әлеуетті тапсырыс берушілерді тарту жөніндегі стратегияны әзірлеу және іске асыру.

Талаптар:

  • Жоғары/ жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар/ бизнес, басқару және құқық/ техникалық ғылымдар және технологиялар/ гуманитарлық ғылымдар/ аралас мамандықтар.
  • Жобаларды басқару саласында сертификаттаудың болуы (PMP/ IPMA/ басқалар).
  • Жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде даму және жобаларды басқару саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл.
  • Басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 2 (екі) жылдан кем емес.

Заңнама және нормативтік құқықтық актілер, арнайы және мамандандырылған білім:

  • Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • компанияның тиісті саласын, қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметін дамыту бағыттарын айқындайтын нормативтік және заңнамалық актілер;
  • менеджмент, макро- және микроэкономика, маркетинг, іскерлік әкімшілендіру, қаржы ісі теориясы мен практикасы;
  • компанияны қаржылық сауықтырудың негізгі құралдары;
  • экономикалық модельдеу әдістері;
  • компанияны басқарудың қазіргі заманғы жүйелері;
  • өндіріс технологиясының негіздері;
  • компанияны дамыту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау қағидаттары.

Дағдылар мен құзыреттер (функционалдық):

  • тәуекелдерді сәйкестендіру және басқару қағидаттарын білу;
  • корпоративтік басқару қағидаттарын білу;
  • Microsoft Office қосымшалар пакеті саласындағы білім;
  • стратегиялық ойлау дағдылары, командалық табысқа бағдарлану;
  • талдамалық және тұжырымдамалық дағдылар;
  • тез өзгеретін технологияларға тиімді бейімделу және оны бизнес қажеттіліктері үшін қолдану қабілеті;
  • компанияның мүдделерін білдіру және қорғау мақсатында келіссөздер процестеріне қатысу дағдылары;
  • талдамалық ақпаратты дайындау, іскерлік хат алмасу, іс-шараларды ұйымдастыру және жоспарлау дағдылары;
  • презентациялар мен көпшілік алдында сөйлейтін сөздерді дайындау дағдылары;
  • стратегияны түсіну және мақсаттар мен міндеттерді декомпозициялай білу;
  • көрсетілген қызметтер, жеткізілген тауарлар және орындалған жұмыстар үшін есеп айырысу тәртібін білу;
  • шаруашылық және қаржы шарттарын жасау және орындау тәртібін білу;
  • ішкі еңбек тәртібі тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарын білу;
  • компьютерді және байланыс пен коммуникацияның заманауи техникалық құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты өңдеу әдістемесі;
  • ДК, кеңсе ұйымдастыру техникасын, кеңсе қосымшаларын тәжірибелі пайдаланушы (Adobe Reader және т.б.), интернет, 1С құжат айналымы, құжаттанушы, DOC24 (мүмкіндігінше).
Құзыреті (жеке):
  • нәтижеге бағдарлану;
  • жауапкершілік;
  • командада жұмыс істеу;
  • коммуникация дағдылары;
  • өзгерістерді басқару.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр