"ҚТЖ-Қостанай Жүк тасымалы бөлімшесі"ЖШС филиалының Увальный разъезімен, 373 км блок-постымен біріктірілген Тобыл станциясының әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі инспекторы

282234 - 295710
НОД-2 (Костанайское отделение ГП) Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
447

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • - ЖҚО қызметкерлерімен дербес деректерді SAP (АСУРП) жүйесіне енгізілуін тексеру, персоналдыесепке алу, жинау.
  • - белгіленген есептілік нысандары бойынша жеке құрамды есепке алу және кадрлармен жұмысын жүйелі талдау, ағымдағы себептерін талдаудыуақтылы тапсыру.
  • - кәсіптік оқыту біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау қызметкерлерінің жоспарын ұйымдастыру және орындалуын бақылау.
  • - жазғы балалар сауықтыру демалысы бойынша құжаттамалар дайындау (өтініш, қаулы, есептер) жұмысын ұйымдастыру.
  • - қажеттілікке өтінім бітірген студенттердің жолдамалар, колледждер, жүруі, олардың еңбек қызметіне дайындық.
  • - ЖҚО қызметкерлерімен тәртіптік жаза шараларының SAP (АСУРП) жүйесіне енгізілуін тексеру, тәртіптік жаза шараларының есебінің тіркеу журналын жүргізеді.
  • - жеке құрам бойынша бұйрықтарды ресімдеу (қызметкерлердің іссапарға жіберу туралы,біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау).
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандық саласында: "Менеджмент", "Экономика", "Психология", "Филология, педагогикалық мамандықтар (жаратылыстану және қоғамдық пәндер)", "Теміржол мамандықтары", "еңбекті Ұйымдастыру және нормалау", "Құқықтану", "Мемлекеттік және жергілікті басқару";
  • Жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан кем емес жұмыс бейіні бойынша қызмет

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр