Кадрлар жөніндегі маман - "Ақтау теңіз сауда порты "ҰК"АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің функционалдық бағытының 1 деңгейі

от 335756
АО «НК «Актауский морской торговый порт» Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
32

Қаралған саны:
330

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • қолданыстағ заңнамаға, Басқарма төрағасының (Президенттің) бұйрықтарына, сондай-ақ персонал бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде басқа да белгіленген құжаттамаға сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды, қызметтік іссапарға жіберуді, тәртіптік жазаларды қолдануды, персоналды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуді уақтылы және дұрыс ресімдейді;
  • құрылымдық бөлімшелер басшыларының өтінімдері бойынша қызметкерлерді қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді; оқу орталықтарымен персоналды оқыту және біліктілігін арттыру шарттарын жасасу бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады, оқыту процесін ұйымдастырады және бақылайды, оқуға арналған шарттарды уақтылы және дұрыс ресімдейді;
  • персоналға қажеттілікті талдау негізінде бір жылға және болашаққа персоналды даярлау мен біліктілігін арттыруды жоспарлауды жүзеге асырады; бюджет пен даму жоспарын әзірлеу және қалыптастыру шеңберінде қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және іссапар шығыстарына арналған шығыстар сметасын әзірлейді; қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы және олардың қозғалысы туралы ақпаратты персонал туралы деректер банкіне енгізеді, оның уақтылы жаңартылуын және толықтырылуын қадағалайды; адам ресурстарын басқару мәселелеріне қатысты мәліметтерді, есептерді, статистикалық органдарға белгіленген мерзімде жасайды және ұсынады
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) Мамандығы: Құқықтану / экономика / менеджмент Жұмыс тәжірибесі: адам ресурстарын басқару саласында кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр