Сервис сапасын бақылау департаментінің маманы
«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.Міндеттері:
Департаменттің жұмысында талдау және шешім қабылдау үшін қажетті деректерді тиімді жинау, сақтау, өңдеу және беру үшін инфрақұрылымды құру және қолдау.
Оперативтік және операциялық қызмет көрсету сапасының көрсеткіштері бойынша аналитикалық дашбордтарды және корреляциялық деректер модельдерін іске асыру және оңтайландыру.
Деректермен жұмыс істеу үшін тиімді процестерді ұйымдастыру, оның ішінде өз бағыты бойынша деректерді сақтау жүйелерін жобалау, енгізу және қолдау.
Департаменттің қызметі аясында дашбордтардың және басқа аналитикалық құралдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
Сыртқы клиенттермен өзара әрекеттесу процесінде тартылған корпоративтік және бөлшек сегменттер бойынша қызмет көрсету сапасының қолданыстағы метрикаларын бағалау үшін деректерді жинау процесін іске асыру.
Клиенттік тәжірибе мен лоялдылықты зерттеу кезінде деректермен жұмыс істеу процестерін ұйымдастыру, бенчмаркты зерттеу және компанияда үздік тәжірибелерді енгізу, клиенттік қызметті жақсарту стратегиясын сипаттау.
Дағдылар:
Деректерді талдау және визуализациялау, алынған деректердің толықтығын, сенімділігін және қолданылуын анықтау; жүргізілген талдау нәтижелері бойынша сараптамалық бағалауды баяндау; негізгі көрсеткіштерді жинау және өңдеу процестерін және процедураларын әзірлеу; әртүрлі ақпараттық ағындарды құрылымдау; әртүрлі көздерден алынған деректерді өңдеу дағдылары. Сындарлы ойлау, стратегиялық ойлау, нәтижелілікке қол жеткізу дағдылары, коммуникация дағдылары.
Білім: осы лауазымда жұмыс істеу үшін қажетті қолданбалы компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық кешендер туралы білім: Oracle SQL/PL SQL, SAS Visual Analytics, SAS Enterprise Guide (қалаулы), Python, BI Qlik Sense, Zabbix (қалаулы), Microsoft Office пакеті (Word, Excel, Power Point, Internet Explorer, Outlook) және т.б., құрылымдалған және құрылымдалмаған деректермен жұмыс тәжірибесі. Компанияның телекоммуникация қызметтері, бизнес-процестер, корпоративтік жүйелерді, Компанияның есеп беру жүйелерін сауатты пайдалану туралы нормативтік және регламенттік құжаттар туралы білім.
Білім: жоғары (техникалық, математикалық, қаржылық немесе экономикалық).
Тәжірибе: телекоммуникация саласында немесе мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар


