Корпоративтік Университеттің аға серіктесі
«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттер:
1) Білім саласындағы оқыту қажеттілігін анықтау және тиісті бизнес құрылымдарымен тығыз байланыста болу, сұраныс пен оқыту жоспарын келісу;2) Жоғары және орта буын басшыларын (СЕО-1, СЕО-2, СЕО-3) оқыту және дамыту бағдарламаларын әзірлеу, ұйымдастыру және жүзеге асырудың уақтылығын бақылау; 3) Компанияның кадрлық резервін даярлау және дамыту бағдарламаларын әзірлеу/жаңарту жобаларын ұйымдастыру және жүзеге асырудың уақтылығын бақылау;
4) Жоғары және орта буын басшылар, кадрлық резерв үшін оқыту және дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру үшін ішкі тренерлерді (оқытушыларды) анықтау;
5) Сыртқы оқыту провайдерлерінің қызметтерін сатып алу бойынша тендерлік рәсімдерді ұйымдастыру және бақылау;
6) Бизнес дамуы функцияларының басшылары үшін дамытушы коучинг сессияларын өткізу;
7) Командалық шешімдер қабылдау процестерін әдістемелік қолдау және үйлестіру, соның ішінде командалық сессияларды әзірлеу және өткізу процесіне тікелей қатысу (модерация және фасилитация);
8) Білімді басқару ережелерін әзірлеу, ақпарат жинау және оқыту қажеттіліктерін талдау және интерпретациялау үшін негізгі көрсеткіштерді қалыптастыру.