«KEGOC» АҚ Бухгалтерлік және салықты есепке алу департаменті қаржылық есептеме дайындау бөлімінің менеджері
- Құрылған күні:
-
14.04.2025
- Берілген өтінім:
- 39
- Қаралған саны:
- 594
Лауазымдық міндеттері:
1) Ай сайын филиалдар мен еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметі бойынша ақпаратты қабылдау, тексеру, талдау және жинақтау жұмыстарын жүзеге асырады, компанияның Қаржылық есептілігін Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС) сәйкес жасау үшін;
2) Қаржылық есептілік, ескертпелер және басқа да қажетті ашып көрсету құжаттарын қалыптастыруға қатысады;
3) Филиалдардан алынған мәліметтердің шынайылығын бақылауды жүзеге асырады;
4) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тобы бойынша топішілік айналымдар мен қалдықтарды салыстыру жұмыстарын жүргізеді;
5) Маңыздылық шегін есептеу және бекіту жұмыстарын атқарады;
6) Қаржылық есептілікке арналған ашып көрсетулерді сұрату, жинау және дайындау жұмыстарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бекітілген нысандарға, ХҚЕС талаптарына және «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдарының есептілік пакеттеріне сәйкес жүзеге асырады;
7) Компанияның Жұмыс шоттар жоспарын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізеді (аналитикалық шоттар бойынша);
8) Қаржылық есептілік нысандарын өзгертуге қатысты ұсыныстарды бөлімнің бас сарапшысының қарауына ұсынады;
9) Сыртқы аудиторларға қажетті ақпаратты дайындайды;
10) «KEGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен кураторлық мәселелер бойынша есептілікті дұрыс жасауға жәрдемдеседі;
11) Қаржылық есептілік мәселелері бойынша ішкі және сыртқы қызметтермен хат алмасу жүргізеді;
12) Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеп, мұрағатқа тапсырады;
13) Қаржылық есептілік жасау процесі бойынша өзіне бекітілген рәсімдер мен пайдаланушы нұсқаулықтарын жетілдіру және жаңарту жұмыстарын жүргізеді;
14) Қаржылық есептілік жасау процесі бойынша жүйедегі анықтамалықтарды жүргізеді.
Талаптар:
- Жоғары, бағыты бойынша: қаржылық немесе экономикалық немесе есеп және аудит
- Аудиторлық немесе бухгалтерлік немесе қаржылық немесе экономикалық саладағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
- MS office еркін пайдаланушысы
- ДипИФР АССА* және ҚР Кәсіби бухгалтері сертификаттарының болуы құпталады
- Қазақ және орыс тілдерін білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- ҚР Бухгалтерлік және салықтық есеп, қаржылық есептілік туралы заңнамасын білу;
- Салалық заңнаманы білу;
- Басқа бақылаушы органдардың салық органдары тарапынан тексерулерден өту тәжірибесі;
- Дәлдік пен зейін;
- Командада жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық және коммуникативтілік-ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу;
- Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау).
Қажетті қабілеттер
- - Финансовый отчет
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар


