Құжаттаманы өңдеу жөніндегі оператор

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
838

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Басқа ұйымдардан электрондық пошта, факстық байланыс және ПК САД интеграцияланған жүйесі арқылы хат-хабарды қабылдап алу. Қабылдап алынған хат-хабарды ПК САД интеграцияланған жүйесінде тіркеу және реферированиеге жіберу. Басқа ұйымдарға электрондық пошта, факстық байланыс және ПК САД интеграцияланған жүйесі арқылы хат-хабарды жөнелту. Жөнелтілетін хат-хабарды ПК САД интеграцияланған жүйесінде тіркеу. Құжаттарға виза қою және реферирование бойынша міндеттер жүктелген лауазымды тұлғаның бұрыштамасына сәйкес құжаттарды «ҮМЗ» АҚ бөлімшелері мен басшылығына ПК САД интеграцияланған жүйесі арқылы жөнелту. «ҮМЗ» АҚ басшылығының бұрыштамасына сәйкес құжаттарды ПК САД интеграцияланған жүйесі арқылы орындауға жіберу, олардың орындалуына бақылау жасау, тіркелген құжаттар жөнінде қажетті анықтамаларды беру. Орындалған құжаттаманы бөлімшелерге жөнелту. Алынатын және жөнелтілетін хат-хабар картотекасын жүргізу, ағымдағы мұрағат құжаттарын жүйеге келтіру және сақтау. Құжаттарды ыңғайлы және жедел іздеу бойынша жұмыс жасау. Өтпелі қызметтік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету. Тіркеу картотекасын дайындау және ұйымның мұрағатына өткізу. Корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийіне жіберу.

Білім:

Сәйкес келетін мамандық бойынша орта техникалық және кәсіптік білім; Жалпы орта білім және жұмыс өтіліне талап қоймай белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық

Дағдылар:

Білуі тиіс: «ҮМЗ» АҚ қолданылатын менеджмент жүйесінің негіздері; құжаттау және құжаттаманы басқару қағидалары; «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің қағидалары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті жөніндегі қағидалар, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптары; құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режимнің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау талаптары.

Қосымша:

-

Білетін тілдер:

-