Санаты жоқ аударма жөніндегі маман. 2-санатты аударма жөніндегі маман. 1-санатты аударма жөніндегі маман. Ақпараттық технологиялар орталығы іс жүргізуді басқару бөлімінің аударма және құжаттаманы басқару тобы

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
60

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Белгіленген уақытта мемлекеттік тілден (мемлекеттік тілге) ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттаманы, хаттарды, есепке алу-статистикалық, қаржылық, техникалық және пайдалану құжаттамасыны, жөнелту құжаттарын, келісімшарттарды, шарттарды, келісімдерді, Қазақстан Республикасының резидент-серіктестерімен мәмілелерді және АҚ «ҮМЗ» бөлімшелерінің жұмысы үшін қажетті өзге де құжаттаманың ауызша және жазбаша аудармаларын, аудармалардың түпнұсқаларының лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнының сәйкестігін, қолданылатын терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады. Мәтінді редакциялауды жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда ғылыми, техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа да арнайы әдебиеттерді, патенттік сипаттамаларды, нормативтік-техникалық және тауарға ілеспе құжаттаманы, шетелдік ұйымдармен хат алмасу материалдарын, сондай-ақ конференциялар, кеңестер, семинарлар және т.б. материалдарды аударады. «ҮМЗ» АҚ фирмалық бланкісінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жіберілетін құжаттарды ресімдейді. Жұмысты қалыпты шарттарда орындау үшін қажетті құжаттаманың толық болмауы немесе қандайда бір құжаттың жоқтығы туралы тікелей басшыға уақтылы хабарлайды. Терминдерді біріздендіру, аударма тақырыбы бойынша ұғымдар мен анықтамаларды жетілдіру бойынша жұмыстарды, орындалған аудармаларды есепке алу мен жүйелеуді жүргізеді. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңын орындау бойынша іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. ІББ бастығының нұсқауы бойынша тіркеу және есепке алу журналдарын жүргізеді және істер номенклатурасына қатысты жұмыстарды жүзеге асырады. Бөлімшелерде ашық іс жүргізуге тексеру жүргізеді, хатшы-іс жүргізушілерге және бөлімшелерде іс жүргізуге жауапты адамдарға әдістемелік көмек көрсетеді. ІББ Басшысына іс жүргізу кезінде жіберірілген бұзушылықтар туралы хабарлайды. Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ белгіленген тәртіпте персоналды оқытуды жүзеге асырады. Жоғары тұрған басшылықтың және өзінің тікелей басшысының бұйрықтарын, өкімдерін, қызметтік тапсырмалары мен нұсқауларын орындайды, басқа іс жүргізу учаскелерінің жұмыскерлерін алмастырады, сондай-ақ басшыға құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген тәртібін бұзу жағдайлары туралы хабарлайды. Режимдік талаптарды, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және объектішілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау жөніндегі талаптарды сақтайды. «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды. РД ОПБиОТ №14.025 сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған талаптарды сақтайды.

Білім:

-

Дағдылар:

-

Қосымша:

Болжамды еңбек ақы мөлшері Санаты жоқ аударма жөніндегі маман – 251 389 теңгеден бастап 439 680 теңгеге дейін. 2-санатты аударма жөніндегі маман – 276 528 теңгеден бастап 483 648 теңгеге дейін. 1-санатты аударма жөніндегі маман – 304 180 теңгеден бастап 532 013 теңгеге дейін.

Білетін тілдер:

-