"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жолды диагностикалау орталығы" филиалының цифрлық құзыреттер бөлімінің менеджері (15 Грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Темір жол инфрақұрылымын цифрлық диагностикалау саласында қолданбалы бағдарламалық шешімдерді, бағдарламалық модульдер мен сервистерді әзірлеуді және жетілдіруді жүзеге асырады;
- бағдарламалық шешімдерде диагностикалық деректерді өңдеу, талдау және агрегаттау алгоритмдерін іске асырады;
- бизнес-логиканы және деректерді өңдеу сервистерін қоса алғанда, қолданбалы бағдарламалық шешімдердің серверлік бөлігін әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- әзірленетін бағдарламалық шешімдерді Филиалдың өзге де цифрлық жүйелерімен және деректер көздерімен интеграциялауды орындайды;
- әзірленетін шешімдердің бағдарламалық кодын тестілеуді, баптауды және оңтайландыруды орындайды;
- пилоттық және тәжірибелік пайдалану нәтижелері бойынша бағдарламалық шешімдерді пысықтауды жүзеге асырады;
- бөлімнің құзыреті шеңберінде бағдарламалық шешімдерді пилоттық және тәжірибелік пайдалануды сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
- әзірленген бағдарламалық шешімдер мен модульдер бойынша техникалық құжаттаманы дайындайды және өзектендіреді;
- пайдалану және тестілеу нәтижелері бойынша анықталған қателер мен ескертулерді жою бойынша міндеттерді орындайды;
- цифрлық құзыреттер бөлімінің міндеттерін іске асыру шеңберінде бизнес-талдаушымен және сервис жөніндегі инженермен өзара іс-қимыл жасайды;
- бағдарламалық шешімдерді әзірлеу және сүйемелдеу кезінде менеджменттің интеграцияланған жүйесінің, ақпараттық қауіпсіздіктің және еңбекті қорғаудың талаптарын сақтайды.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Саладағы мамандығы: Автоматтандыру және басқару, информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, сондай-ақ өзге де аралас техникалық және теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар