Цифрлық қызметтерді қолдау бөлімінің басшысы
«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- техникалық қолдау аясында келіп түсетін өтінімдердің орындалуын бақылау;
- техникалық қолдау бойынша техникалық құжаттаманы дайындау;
- техникалық қолдау бойынша жобалық құжаттарды дайындау және келісу;
- қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында Қоғамның/ҚФ бизнес-процестеріне IT-шешімдерді енгізуді және сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
- енгізілген цифрлық қызметтер мен IT-шешімдерді оңтайландыру және жетілдіру мақсатында олардың диагностикасы мен мониторингін жүзеге асыру;
- жаңа цифрлық қызметтерді Қоғамның/ҚФ қолданыстағы инфрақұрылымына интеграциялау жоспарларын әзірлеу және іске асыру;
- енгізілген IT-шешімдер мен цифрлық қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуін және техникалық қолдауын қамтамасыз ету;
- цифрлық қызметтерді енгізу және қолдау бойынша портфельдік басқаруды жүзеге асыру, жобалардың Қоғамның/ҚФ стратегиясына сәйкестігін бақылау;
- цифрландыру жобаларының нәтижелерін бизнес-процестердің ерекшеліктерін ескере отырып, Қоғамның/ҚФ күнделікті қызметіне бейімдеу және интеграциялау;
- қызметкерлердің біліктілігін арттыру және персоналды жаңа IT-шешімдермен және цифрлық қызметтермен жұмыс істеуге оқыту;
- енгізілген IT-шешімдер мен цифрлық қызметтер бойынша техникалық құжаттаманы, нұсқаулықтар мен әдістемелік құралдарды әзірлеу және жаңарту;
- цифрлық қызметтер мен IT-шешімдердің тиімділігіне тұрақты талдау және мониторинг жүргізу, оларды жетілдіру бойынша есептер мен ұсыныстар дайындау;
- цифрлық технологияларды қолдану мәселелері бойынша бизнес-бөлімшелерге сараптамалық қолдау көрсету;
- презентациялық материалдарды әзірлеу (презентациялар үшін қажетті ақпаратты жинау және шоғырландыру) және оларды визуализациялау;
- стратегиялық міндеттерді орындау аясында іс-шаралар жоспары мен жол карталарын әзірлеу.
Талаптар:
- жоғары экономикалық немесе техникалық білім;
- телекоммуникация саласында немесе басшылық лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
- Python бағдарламалау тілі мен фреймворктерін, PHP, Java, Node.js тілдерін білу, Data Scientist, Big Data, Data Engineer бағыттары бойынша білімнің болуы, интерфейстерді өз бетінше құра білу;
- жоспарлау және жобаның мерзімдері мен негізгі кезеңдерін бақылау дағдылары.
Ұқсас вакансиялар
Бухгалтерлік есеп және есептілік жөніндегі директордың орынбасары
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
15.06.2026 | 78
Алматы өңірі көлік қамтамасыз ету орталығының басшысы
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
10.06.2026 | 204
Негізгі маман Коммерциялық даму департаменті
«Ауыл Телеком» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
21.05.2026 | 2539