|
1) жеке құрам мен кадрлық әкімшілік құжаттаманы есепке алу; 2) SAP жүйесіндегі «Кадрларды басқару және әкімшілік» модулінде кадрлар қызметіне қатысты персонал бойынша іс-шараларды өткізу. Персонал бойынша толық, сенімді және өзекті деректерді енгізу және SAP жүйесіндегі «Кадрларды басқару және әкімшілік» модулінде іс-шараларды өткізу (МНР); 3) еңбек шарттарын, материалдық жауапкершілік туралы келісімдерді рәсімдеу, Open text бағдарламасында Дирекция қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу, еңбек кітапшаларын толтыру, есепке алу және сақтау; 4) Дирекция қызметкерлерінің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарын беру кестесін жасау, оның сақталуын бақылау; 5) Дирекция қызметкерлерінің жұмыс уақытының есебін жүргізу, Дирекция бөлімшелерінің жұмыс уақытының есебін белгіленген тәртіпте ұсыну; Дирекцияда еңбек тәртібі, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимін сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыру; 6) лауазымдық нұсқаулықтарды тіркеу, даналарын нөмірлеу, Дирекцияға тағайындалған қызметкерлерді лауазымдық нұсқаулықтармен таныстыру; 7) жеке құрамды есепке алу бойынша тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептерді дайындау және т.б.; 8) Дирекцияның әлеуметтік мәселелері бойынша бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру, қызметкерлерге материалдық көмек көрсету туралы өтініштерді қарау; 9) Дирекция бөлімшелерінің «Кадрларды даярлау», «Сапар шығындары», «Әлеуметтік қолдау», «Мәдени-сауықтыру іс-шаралары» бюджеттік баптары бойынша өтінімдерді қалыптастыру, негіздейтін құжаттар мен түсіндірме жазбамен, сондай-ақ қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану бойынша бақылау; 10) Дирекция қызметкерлерінің кәсіби даярлығын, қайта даярлығын және біліктілігін арттырудың жинақталған күнтізбелік жоспарын қалыптастыру және бекіту, Дирекция қызметкерлерінің даярлық және біліктілігін арттыру жоспарын орындау. Дирекция қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша келісімдерді рәсімдеу; 11) персонал бойынша толық, сенімді және өзекті деректерді енгізу және SAP жүйесіндегі «Кадрларды басқару және әкімшілік» модулінде еңбек ақы төлеу бойынша іс-шараларды өткізу, HR модуліндегі «Персоналды басқару» модулінде, HR модуліндегі «Ұйымдық менеджмент» модулінде, BW модуліндегі «Бизнес-жоспарлау» бойынша іс-шараларды енгізу; 12) Дирекция қызметкерлерінің әскери есебін жүргізу және Дирекция қызметкерлерінің мобилизациялық резерві мен әскери есебі бойынша есептерді ұсыну; 13) вакансияларға кандидаттардың вербалды және (немесе) сандық ақпаратты талдау қабілеттерін тестілеу жұмыстарын ұйымдастыру, вакансияларға кандидаттардың кәсіби білімдерін тестілеу жұмыстарын жүргізу; 14) Дирекцияда құжат айналымында мемлекеттік тілдің қолданылуын ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің енгізілуі бойынша іс-шараларды өткізу; 15) құжат айналымын жүргізу бойынша есептерді (жыл, тоқсан, ай) дайындау және ағымдағы құжат айналымы материалдарын сақтау мен номенклатура бойынша істерді қалыптастыруды қамтамасыз ету. Архивке сақтау үшін істерді дайындау. Құжат айналымы аяқталған материалдарды уақытша пайдалану үшін беру; 16) «Қызметтік пайдалану үшін», «ДСП» және «Құпия (коммерциялық құпия)» грифтері бар құжаттардың құжат айналымын жүргізу істерінің тізімін жасау және құрастыру (қабылдау, тіркеу, көшіру, құжаттарды жіберу); 17) Дирекция бойынша істердің номенклатурасын бекіту үшін дайындау, құжат айналымы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, олардың енгізілуін ұйымдастыру; 18) Дирекция бөлімшелерінде құжат айналымын жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсету, бекітілген номенклатураға сәйкес істерді дұрыс қалыптастыру; 19) тікелей басшы мен Дирекция мен Қоғамның ішкі құжаттарымен жүктелген басқа міндеттерді орындау.
|