«КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС Адами ресурстар департаментінің директоры
«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Персоналды басқару жүйесін стратегиялық басқару;
- Кадр саясатын қалыптастыру және іске асыру;
- Ұйымдық дамуды және штат санын басқару;
- Қызметкерлерді іріктеу, бағалау, дамыту және ынталандыру;
- Еңбекақы төлеу жүйесін және HR-бюджетті басқару;
- Еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
- Корпоративтік мәдениетті және ішкі коммуникацияларды дамыту;
- HR-талдау құралдарын және цифрлық HR-шешімдерді енгізу;
- Басқару органдарымен және мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау;
- HR-бөлімшесінің қызметіне басшылық ету.
Талаптар:
- Менеджмент, экономика немесе құқықтану саласы бойынша жоғары білім (магистратура дәрежесі құпталады);
- CIPD / SHRM / HRCI сертификаттарының болуы құпталады;
- Жалпы еңбек өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде HR саласында, басшылық лауазымдарды қоса алғанда, кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
Қосымша білімдер:
- Комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттарын білу;
- Директорлар кеңесімен / байқаушы кеңеспен жұмыс тәжірибесі;
- Ішкі нормативтік құжаттармен жұмыс тәжірибесі;
- Реттелетін ортада жұмыс істеу тәжірибесі.
Кәсіби білімдер (Hard Skills):
Ірі компанияларда, әсіресе IT немесе телекоммуникация саласында барлық HR-функцияларды басқару тәжірибесі:
- ҚР еңбек заңнамасы;
- Кадрлық іс жүргізу;
- Еңбекақы төлеу және жеңілдіктер жүйесі (C&B);
- Қаржылық сауаттылық (еңбекақы қоры, бюджеттеу);
- Қызметкерлерді іріктеу, бағалау және оқыту;
- HR-аналитика және KPI жүйелері;
- Ұйымдық даму;
- Стратегиялық жоспарлау;
- Еңбек нарығы және HR саласындағы заманауи трендтер.
Еңбек шарттары:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- 5/2 жұмыс кестесі, 8 сағаттық жұмыс күні;
- Жалақының уақытылы төленуі;
- Жыл сайынғы еңбек демалысы – 30 күнтізбелік күн.
Қажетті қабілеттер
- навыки работы в команде, лидерство и коммуникативность
- Переговорные навыки
- • Эмоциональный интеллект
- - Стрессоустойчивость
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)