EX (HR) менеджер (уақытша лауазым) ДКБ

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
161

   Конкурс туралы
Міндеттері: 
1) еңбек қатынастарын реттейді және кадр саясатын жүзеге асырады
2) қызметкерлерді бейімдеуді жүргізеді, кадр резервін қалыптастырады, қызметкерлерді дамытудың жеке жоспарын, COR жасайды
3) компания үшін мерекелік және өзге де маңызды күндерге орайластырылған филиал қызметкерлеріне марапаттау материалын дайындайды және келіседі
4) Pro Telecom бағдарламасымен байланысты іс-шараларды ұйымдастырады және филиалда ЖОО студенттерінің тағылымдамасын өткізеді
5) Welcome training ұйымдастырады
6) Персоналды жалдау, ізденушілермен кәсіби тестілеу өткізу, сондай-ақ персоналды іздеуге өтінімдерді дұрыс толтыру мәселелері бойынша персоналды іріктеу тобымен өзара іс-қимыл жүргізеді
7) КБД қызметкерлерін Қоғамның корпоративтік мәдениетінің нормалары мен ережелері туралы хабардар етеді
8) Әлеуметтік тұрақтылық рейтингінің нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспары бойынша есептілікті ұйымдастырады, бақылайды және дайындайды
9) Қызметкерлерге демалыс беру есебін жүргізеді, кезекті Демалыс кестелерінің жасалуына және сақталуына бақылауды жүзеге асырады
10)Кадрлардың айналымы бойынша есептілікті қалыптастырады, айналым себептерін зерделейді, оны төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады

Талаптары: 
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық немесе инженерлік-экономикалық) / телекоммуникациялар саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.