Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры
«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Серіктестіктің мақсаттарына, стратегиясына және қызмет бейініне сәйкес қажетті кәсіптер, мамандықтар мен біліктілігі бар жұмысшылар мен қызметкерлермен жасақтау жұмысын басқарады;
- Серіктестіктің кадр саясаты мен кадрлық стратегиясын әзірлеуге қатысады;
- жұмыскерлерді олардың біліктілігін, жеке және іскерлік қасиеттерін бағалау негізінде іріктеу, таңдау және орналастыру жұмыстарын жүзеге асырады, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелерде жұмыскерлердің дұрыс пайдаланылуын бақылайды;
- жұмыскерлерді аттестаттауды ұйымдастырады, оның әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, аттестаттау нәтижелерін талдауға және аттестаттау комиссияларының шешімдерін іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, қайта аттестаттауға жататын мамандарды айқындайды;
- жұмыскерлерді кешенді бағалау жүйелерін, олардың қызмет нәтижелерін бағалау, мансаптық және кәсіби өсу жүйелерін әзірлеуге, сондай-ақ аттестаттау рәсімдерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға қатысады;
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Серіктестіктің ішкі актілеріне сәйкес жұмыскерлерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды уақтылы ресімдеуді, жеке құрам есебін жүргізуді, жұмыскерлердің қазіргі және бұрынғы еңбек қызметі туралы анықтамалар беруді, еңбек кітапшалары мен өзге де кадрлық құжаттарды жүргізуді және сақтауды, сондай-ақ көтермелеу мен марапаттауға ұсыну үшін материалдар дайындауды ұйымдастырады;
- кадрлық жұмыстың ғылыми-әдістемелік, материалдық-техникалық және ақпараттық базасын жетілдіруді, персоналды басқарудың заманауи әдістері мен автоматтандырылған жүйелерін енгізуді ұйымдастырады;
- құрылымдық бөлімшелер басшыларының кадр саясаты және персоналды басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен Серіктестіктің ішкі актілерін сақтауын бақылайды;
- Серіктестіктегі кадрлық жұмысты жүйелі түрде талдап, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
- табельдік есепті жүргізуді, еңбек демалыстары кестелерін әзірлеуді және орындалуын, еңбек тәртібінің сақталуын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының орындалуын бақылауды ұйымдастырады, кадр тұрақсыздығының себептерін талдайды, еңбек тәртібін нығайтуға, кадр тұрақсыздығын және жұмыс уақытының жоғалуын азайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды;
- жеке құрам есебі мен кадрлық жұмыс бойынша белгіленген есептіліктің дайындалуын қамтамасыз етеді;
- Серіктестікте әлеуметтік зерттеулер жүргізуге және корпоративтік мәдениетті дамытуға басшылық етеді;
- жұмыскерлерге құқықтық, қаржылық және еңбек мәселелері бойынша консультациялар ұйымдастырады, әлеуметтік жеңілдіктер ұсыну жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
- Серіктестік мақсаттарына, стратегиясына, кадр саясатына және өндірістің даму бағыттарына сәйкес жұмыскерлердің кәсіби білімін, біліктілігін және дағдыларын тұрақты түрде арттыруды қамтамасыз етеді;
- жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жоспарлайды, оқытудың бағыттарын, нысандарын, әдістерін және мерзімдерін айқындайды;
- еңбек өнімділігін және жұмыс сапасын арттыру мақсатында еңбек пен басқару процестерін ұйымдастыруды, еңбекті ынталандырудың тиімді әдістерін және ғылыми негізделген еңбек нормативтерін енгізуді қамтамасыз етеді;
- басқарудың ұйымдық құрылымдарын жетілдіру, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу, заманауи байланыс құралдарын, есептеу техникасын және ақпаратты өңдеудің озық технологияларын енгізу жұмыстарын ұйымдастырады;
- департамент жұмыскерлерінің қызметіне басшылық етеді.
Талаптар:
- кадрларды даярлаудың сәйкес бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
- кадрларды басқаруды ұйымдастыру бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
Шарттар:
Қажетті қабілеттер
- Управление кадровым резервом
- Управление кадровым документооборотом
- Управление кадрами (HR)
Ұқсас вакансиялар
Персоналды басқару бөлімінің аға маманы
«GPC Investment» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
13.07.2026 | 884
Бизнеске қолдау секторының кадрлар жөніндегі жетекші маманы (Оқу орталығы)
«ҚазТрансОйл» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
23.07.2026 | 199
Персоналды басқару және еңбекақы төлеу бөлімі бастығы (негізгі қызметкердің болмау кезеңіне)
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Тараз қ.
21.07.2026 | 117