Бизнеске қолдау секторының кадрлар жөніндегі жетекші маманы (Оқу орталығы)

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
165

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) ОҚ (оқу орталығы) қызметкерлерінің жеке құрамын және кадрлар бойынша құжаттаманы есепке алу; 
2) SAP/R3 жүйесіндегі «Персоналды әкімшілендіру және басқару» модулінде жеке құрамды есепке алу бойынша іс-шараларды жүргізу;
3) еңбек шарттарын, материалдық жауапкершілік туралы шарттарды ресімдеу, Open text бағдарламасында ОҚ қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу, еңбек кітапшаларын толтыру, есепке алу және сақтау;
4) ОҚ қызметкерлеріне төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстарын беру кестесін жасау, оның орындалуын бақылау;
5) жеке құрам бойынша бұйрықтарды, тәртіптік жаза қолдану туралы, барлық еңбек демалыс түрлерін беру туралы, іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды дайындау;
6) ОҚ қызметкерлерінің жұмыс уақыты есебін жүргізу, уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын тіркеу;
7) ОҚ-да еңбек тәртібінің, еңбек және өндірістік тәртіптің, сондай-ақ жұмыс уақыты мен демалыс режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
8) лауазымдық нұсқаулықтарды тіркеу және лауазымға тағайындалатын ОҚ қызметкерлерін таныстыру;
9) жеке құрамды есепке алу бойынша тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептерді дайындау, сапалық және сандық құрам бойынша есептерді дайындау, қаралатын баптар бойынша жыл сайын бюджет қалыптастыру, олардың орындалуын мониторингтеу;
10) ОҚ-ны қажетті кәсіптер, мамандықтар және біліктілік бойынша кадрлармен жасақтау жұмысы;
11) жаңа қабылданған қызметкерлерді өндірістік қызметке бейімдеу жөніндегі жұмысына қатысу;
12) әлеуметтік мәселелер бойынша ОҚ жұмысының ұйымдастырылуы және үйлестірілуі, қызметкерлерге материалдық көмек көрсету туралы өтініштерді қарау, аталған мәселелер бойынша қажетті құжаттарды дайындау, ОҚ қызметкерлеріне белгіленген жеңілдіктер мен өтемақыларды ұсыну туралы құжаттарды, сондай-ақ Қоғам қызметкерлерін марапаттау және көтермелеу үшін ұсыну құжаттарын дайындау;
13) ОҚ қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жоспарын қалыптастыру, оның іске асырылуын бақылау, сондай-ақ ОҚ қызметкерлерін оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша шарттар жасасу;
14) мемлекеттік органдарда ОҚ мүдделерін ұсыну, өз құзыреті шегінде ОҚ-ның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
15) оған тікелей басшы және ОҚ мен Қоғамның ішкі құжаттарымен жүктелген өзге де міндеттерді орындау.


Талаптар:

  • кадрларды даярлау бағытына сәйкес жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
  • HR саласындағы мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр