«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялар жүйелер» филиалының Алматы өңірлік орталығының ақпараттық технологиялар тобының пайдаланушыларды сүйемделеу және қолдау секторы жетекші инженері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
157

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • жеке компьютерлерге, шеткері құрылғыларға, акустикалық жүйелерге, өртке-қауіпсіздік және күзет дабыл жүйелеріне және техникалық қауіпсіздік жүйелеріне (бейнебақылау жүйелері, қолжетімдікті басқару және бақылау жүйелері, күзет және периметрлік дабыл жүйелері, дауыс зорайтқыш байланыс жүйелері) күнделікті пайдалану қызметін жүзеге асырады, қажет болған жағдайда кепілдендірілген қоректендіру жүйелерін қоса алғанда, бұл қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысқа жарамдылығын тікелей немесе қашықтан тексеруді қамтиды;
  • ақпараттық жүйелердің және пайдаланушылардың жұмыс істеуі үшін қажетті басқа да бағдарламалық қамтамасыз етудің бағдарламалық қамтамасыз етуді сапалы сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
  • ішкі нормативтік құжаттардың талаптары мен қызмет көрсетілетін жабдықтың зауыттық нұсқаулықтарын ескере отырып жасалған көлемдер мен кестелерге сәйкес жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды сапалы жүргізуді қамтамасыз етеді;
  • қызмет көрсетілетін жабдыққа қолжетімділікті және сервистік шектеулер деңгейін басқаруды жүзеге асырады.

Талаптар:

  • жұмыс дағдылары: жеке компьютерлерді, шеткері құрылғыларды, әлсіз ток жүйелерін, белсенді және пассив желілік жабдықты, кепілдендірілген қоректендіру жүйелерін, акустикалық жүйелерді, құрылымдалған кабельдік желілерді монтаждау/орнату/теңшеу бойынша; биіктікте және альпинистік (жоғарыдан) жұмыстарда;
  • оқу орталықтарында қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруға оқудан өткендігі туралы куәліктің болуы қажет.

Шарттар:

  • Жұмыс орны: Алматы қ., Алмалы ауданы, Шевченко к-сі 162/7 (АҚ «KEGOC» Алматыаралық электр желілері филиалының ғимараты).

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)