«KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшы қызметінің менеджері

от 461 700 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
22

Қаралған саны:
190

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  1. Директорлар кеңесінің мүшелеріне олар сұратқан құжаттар мен ақпаратты ұсынуды (ұсынуды қамтамасыз етуді) жүзеге асырады;
  2. Қоғамның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға ұсыну үшін қажетті Директорлар кеңесі мүшелеріне қатысты ақпаратты жинауды және есепке алуды жүзеге асырады;
  3. Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің қызметін ұйымдастырушылық сүйемелдеуді, оның ішінде материалдарды дайындауды қамтамасыз етуді және отырыстарды өткізуді ұйымдастыруды, Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің ұсынымдарын, қорытындыларын сақтауды жүзеге асырады;
  4. Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің, Корпоративтік хатшының атына келіп түсетін барлық хат-хабарды есепке алуды және сақтауды, келіп түсетін сұрау салуларға жауаптарды дайындауды қамтамасыз етеді;
  5. заңнамаға және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес міндетті түрде сақталуға жататын Қоғам құжаттарының есепке алынуын және сақталуын, оларға қол жеткізуді, олардың көшірмелерін беруді қамтамасыз етеді;
  6. Директорлар кеңесі мүшелерінің, Басқарма төрағасының және Басқарма мүшелерінің өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға мүдделілігі туралы ақпараттың есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етеді;
  7. акционерлерден келіп түскен хаттардың (өтініштердің, талаптардың) тиісті түрде есепке алынуын қамтамасыз етеді;
  8. Қоғамның корпоративтік басқару жүйесін, саясаты мен практикасын әзірлеуге, сақтауға, мерзімді қайта қарауға және жетілдіруге қатысады;
  9. Қазақстан Республикасында және шетелде корпоративтік басқару саласындағы қолданыстағы практиканы, үрдістерді, даму перспективаларын мониторингтеуді және талдауды, сондай-ақ лауазымды тұлғаларға, тиісті органдарға және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына талдамалық анықтамаларды, ақпаратты, ұсынымдарды енгізуді (жолдауды) жүзеге асырады;
  10. жаңадан сайланған Директорлар кеңесі мүшелерін лауазымға енгізуді ұйымдастыруды, Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің кәсіби даму бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етуді және Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігін арттыруға жан-жақты қолдау көрсетуді жүзеге асырады;
  11. Директорлар кеңесі мүшелерінің оқуын және сарапшыларды тартуды ұйымдастырады, сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдем көрсетеді;
  12. Директорлар кеңесі мен оның комитеттері ішінде, менеджмент пен Директорлар кеңесінің атқарушы емес мүшелері арасында ақпараттың сапалы алмасуын қамтамасыз етеді;
  13. Директорлар кеңесі отырыстарының күн тәртібінің жобаларын отырыстарды өткізу нысаны бойынша ұсыныстармен бірге дайындауды және оларды Корпоративтік хатшыға ұсынуды жүзеге асырады;
  14. Директорлар кеңесі отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдардың тиісті түрде дайындалуын, оның ішінде материалдарды дайындау рәсімдерінің сақталуын, лауазымды тұлғалармен, Ішкі аудит қызметімен, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және қызметкерлерімен алдын ала талқылауларды (алдын ала талқылауларды ұйымдастыруды) қамтамасыз етеді;
  15. Директорлар кеңесінің мүшелеріне Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібін барлық қажетті материалдарды қоса бере отырып уақтылы жіберуді, сондай-ақ отырысқа шақырылған тұлғаларды хабардар етуді жүзеге асырады;
  16. Директорлар кеңесінің шешімдерін Қоғамның тиісті органдары мен лауазымды тұлғаларына жолдауды, олардың орындалуын бақылауды және Директорлар кеңесін оның орындау нәтижелері (барысы) туралы Директорлар кеңесі белгілеген тәртіппен хабардар етуді жүзеге асырады;
  17. Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетеньдерді дайындауды, бюллетеньдерді таратуды және жинауды, Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру қорытындыларын шығаруды жүзеге асырады;
  18. Қоғамның жылдық есебін дайындауға қатысады;
  19. Акционерлердің жалпы жиналыстарын дайындауды және өткізуді ұйымдастыруға (презентациялар, регламенттер және баяндамалар жобаларын дайындауға) қатысады;
  20. Қоғамның ақпаратты ашу жөніндегі саясатын іске асыруға, сондай-ақ Қоғамның корпоративтік құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге қатысады;
  21. Қоғамның веб-сайтының уақтылы және сапалы ақпаратпен толтырылуын бақылауды, оның сапасы мен ақпараттылығын арттыру бойынша Директорлар кеңесі мен Басқармаға тиісті ұсыныстар (ақпарат) енгізуді жүзеге асырады;
  22. бекітуі Акционерлердің жалпы жиналысының, Директорлар кеңесінің құзыретіне жататын Қоғамның ішкі құжаттарының жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
  23. заңнамада белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Талаптар:

  • Бизнес, басқару және құқық бағыттары бойынша жоғары білім.
  • Құжаттаманы басқару, іс жүргізу және электрондық құжат айналымы саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.

Лицензиялар мен сертификаттар:

  • Корпоративтік басқару саласында сертификаттардың болғаны құпталады.

Қосымша талаптар:

  • MS Office, оның ішінде Excel және Outlook; Lotus Notes, SAP бағдарламаларын, сондай-ақ Интернет желісін сенімді пайдалана білу. Кеңсе техникасымен жұмыс істеу дағдылары: факс, сканер, ксерокс.
  • Қазақ және орыс тілдерін білу; ағылшын тілін білу — құпталады.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік құрылымын білу.
  • Қоғам қызметінің ерекшеліктерін терең білу.
  • Мінсіз іскерлік беделге, жоғары коммуникативтік дағдыларға ие болу, Директорлар кеңесінің мүшелері мен Компания басшылығының сенімі мен құрметіне ие болу.
  • Біліктілікті арттыру курстарында үздіксіз оқыту арқылы кәсіби құзыреттілікті қолдау және дамыту.
  • Өз міндеттерін тиісінше орындау үшін жеткілікті коммерциялық бизнес-білімге және кәсіби біліктілікке ие болу.
  • Кәсібилік, адалдық, объективтілік, белсенділік, мақсатқа ұмтылушылық, біліктілігін арттыруға ұмтылу, коммуникабельділік және жауапкершілік сияқты жеке қасиеттердің, сондай-ақ дауласушы тараптар арасындағы корпоративтік жанжалдарды тиімді реттей білу қабілетінің болуы.
  • Ұйымдастырушылық және талдамалық қабілеттер мен дағдылардың болуы.
  • Қоғаммен аффилиирленгендіктің болмауы.
  • Адалдық, объективтілік және кәсіби міндеттерді адал орындауды қоса алғанда, кәсіби этика қағидаттарын сақтау.
  • Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің отырыстары мен Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамаларын жасау дағдыларының болуы.

Қажетті қабілеттер

  • Менеджер Службы корпоративного секретаря