HR бизнес партнер

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
727

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Бизнес міндеттерін ескере отырып, персоналды тиімді бөлу мақсатында ЖДБ ұйымдық құрылымын және штат санын өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Персонал қозғалысы бөлігінде ұйымдық өзгерістер бойынша іс-шаралардың өткізілуіне басшылық ету. Әлеуметтік тұрақтылықты бақылау, шиеленіс нүктелерінің пайда болу себептерін, оның ішінде жұмыскерлердің өтініштері негізінде талдау, ЖДБ басшылығы мен EX директоры үшін ұсыныстар зірлеу. Дивизионда қолданыстағы мотивациялық бағдарламалардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Жетекшілік ететін бағыттар/өңірлер бойынша ЖДБ лауазымдарын бағалау бойынша материалдар дайындау. Еңбек және жалақы мәселелері бойынша Дивизион басшылығы үшін талдамалық материалдарды дайындау, бекітілген өңір бойынша персоналды басқару бөлігінде қызмет көрсеткіштерін орындау бойынша, оның ішінде Qlik Sence платформасының деректері негізінде болжамды деректерді дайындау. Жетекшілік ететін өңір/бөлімшелер бойынша ЕТҚ пайдалануды талдау және EX директор үшін тиімділікті арттыру және шығындардың асып кетуіне жол бермеу бойынша ұсыныстар әзірлеу


Талаптар:

  • жоғары кәсіби (экономикалық және заігерлік) білімі және персоналды басқару саласындағы
  • жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр