Әкімшілік департаментінің менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.- Кеңсе (канцелярия) жұмысының ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
-
Кіріс, шығыс және ішкі құжаттарды қабылдау, өңдеу және тіркеуді жүзеге асыру;
-
Шығыс құжаттардың байланыс арналары арқылы уақтылы жөнелтілуін қамтамасыз ету;
-
Құжаттардың орындалуын және олардың дұрыс рәсімделуін бақылау, атқарушылық тәртіп бойынша есеп қалыптастыру, орындаушыларға электрондық бақылау карточкаларын жолдау;
-
Құрылымдық бөлімшелерден қалыптастырылған істерді сақтауға қабылдау;
-
Ағымдағы архив құжаттарын жүйелеу және сақтау, іс жүргізуі аяқталған құжаттарды ұйым архивіне тапсыруға дайындау және өткізу, тіркеу картотекаларын немесе деректердің компьютерлік базаларын қалыптастыру; архивке сақтауға берілетін істердің тізімдемесін жасау; қызметтік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету;
-
Құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша басшылыққа ақпараттар, мәліметтер мен есептер дайындап ұсыну;
-
Әкімшілік сипаттағы тауарлар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті құжаттарды дайындауға, сондай-ақ әкімшілік сатып алулардың жылдық жоспарын жасауға қатысу;
-
Бөлімшелерде іс жүргізуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, істердің дұрыс қалыптастырылуын, сақталуын және архивке уақтылы тапсырылуын бақылау, құжаттардың орындалу мерзімдерінің сақталуы туралы анықтамалар дайындау;
-
Қызметтік құжаттарды басып шығару және көбейту жұмыстарын қамтамасыз ету;
-
Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және оларды ғылыми-техникалық өңдеу жөніндегі сараптау комиссиясының жұмысына қатысу;
-
Лауазымдық функционалдық міндеттерден туындайтын басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау;
-
Өз қызметінің нәтижелері мен орындалған жұмыстар бойынша есептерді бағалау үшін ұсыну;
Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын және Серіктестіктің ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттамасында көзделген талаптарды сақтау.
Талаптар:
- Жоғары кәсіби білім: заңгерлік немесе педагогикалық;
- Мемлекеттік немесе квазимемлекеттік ұйымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі;
- Microsoft Office бағдарламаларын (Word, Excel, Outlook) сенімді меңгеру;
- Ішкі нұсқаулықтар мен рәсімдерді әзірлеу және енгізу дағдылары;
- Номенклатуралық істерді жүйелеу және сақтау, құжаттарды архивке тапсыруға дайындау дағдылары.
Шарты:
5/2
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Озат)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар