Өндірістік қатынастарды басқару тобының өндірістік қатынастар жөніндегі (IR) маманы

«Oil Services Company» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
35

Қаралған саны:
249

   Конкурс туралы

Қажетті біліктілік:

Білімі: Жоғары кәсіби білім (персоналды басқару, әлеуметтану, психология, экономика, мұнай-газ ісі саласында болғаны жөн)

Мамандық/кәсіп бойынша тәжірибе: мұнай-газ саласындағы өтілі 3 жылдан кем емес, мамандығы бойынша өтілі 1 жылдан кем емес

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі: Талап етілмейді

Міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
1) Еңбек заңнамасы және нормативтік актілер: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау қағидаларын, санитариялық нормаларды, сондай-ақ тиісті халықаралық стандарттарды базалық білу. Еңбек жағдайларын мониторингілеу, еңбек және өндірістік дауларды реттеу, мердігер ұйымдар тарапынан міндеттемелердің сақталуын бағалау кезінде нормативтік құжаттарда бағдарлай білу және оларды практикада қолдана білу. Заңнаманың талаптарын дұрыс түсіндіру және олардың өз қызметі шеңберінде сақталуын қамтамасыз ету қабілеті.
2) Өндірістік қатынастардың мониторингі және талдауы: Мердігер ұйымдармен жұмыс тәжірибесі, әлеуметтік жанжалдардың туындау немесе өндірістік жағдайдың нашарлау тәуекелдерін талдау.
3) Әлеуметтік тәуекелдерді талдау және диагностикалау: Өндірістік қатынастарды талдау әдістерін білу және еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықтың ықтимал қатерлерін анықтай білу, сондай-ақ оларды жою үшін шаралар қабылдау.
4) Еңбек жағдайлары мен өндірістік ортаны бағалау: Еңбек жағдайларын бағалау және өндірістік процесті ұйымдастыру саласындағы білім; жұмыс орындарын, санитарлық жағдайларды тексеру, жұмыскерлерді жұмыс үшін қажетті қорғау құралдарымен және жайлылықпен қамтамасыз ету.
5) Санитариялық және гигиеналық стандарттарды сақтау: Мердігер ұйымдардың жұмыскерлерін орналастыру, тамақпен қамтамасыз ету, санитариялық тораптар, гигиена құралдары және т. б. қоса алғанда, тұру және жұмыс жағдайларының санитариялық нормаларына сәйкестігін тексере білу.
6) Ішкі және сыртқы коммуникацияларды басқару: Кәсіподақтармен, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшылығы мен ұжымдарымен кездесулер мен келіссөздерді ұйымдастыру және өткізу дағдылары, хаттамалар құра білу және шешімдердің орындалуын қадағалау.
7) Сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын жоспарлау және бақылау: Анықталған сәйкессіздіктерді жою және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және олардың орындалуын бақылау әдістерін білу.
8) Әлеуметтік кепілдіктер және минималды әлеуметтік пакет: Мердігер ұйымдардың минималды әлеуметтік пакет және еңбекақы төлеу жүйесі бойынша ай сайынғы есептерін тексеру үшін аналитикалық ойлау қабілеті және жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау қағидаларын білу. Әлеуметтік кепілдіктерді ұсынуды реттейтін нормативтік талаптарды түсіну, сәйкессіздіктерді анықтай білу, төлемдердің дұрыстығын талдау және жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың ең төменгі стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету қабілеті.
9) Қаржылық және әлеуметтік міндеттемелердің сақталуын бақылау: Есептілікті рәсімдеудің дұрыстығын тексере білу, қажет болған жағдайда мердігер ұйымдардың паспорттарын дайындау және минималды әлеуметтік пакеттердің, жалақының төленуінің дұрыстығын бақылау.
10) Құжаттармен және есептілікпен жұмыс: Есептерді, сәйкессіздіктер туралы актілерді жасау дағдылары, іскерлік хат алмасу, кездесулер хаттамалары, жұмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарлары және еңбек және санитариялық нормаларды сақтау жөніндегі құжаттамалар.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
1) Келіссөздер жүргізу.
2) Медиация және еңбек дауларын реттеу.
3) Ақпаратты жинау және талдау, анықтамалар, презентациялар, баяндамалар, есептер, қорытындылар, негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар дайындау.
4) Әртүрлі деңгейдегі ауызша және жазбаша байланысқа бейімділік.
5) Іскерлік сауаттылық.
6) Мемлекеттік органдармен, кәсіподақтармен, мердігер ұйымдармен және Серіктестік басшылығымен өзара іс-қимыл жасау.
7) Жауапкершілік пен өзіндік тәртіптің жоғарғы деңгейі.
8) Бастамашылдық.
9) Атқарушылық.
10) Еңбекті ұйымдастыру.
11) Аналитикалық қызметке бейімділік.
12) Топта жұмыс істей білу.
13) MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook, Teams) бағдарламалық жасақтаманы жетілдірілген иелену.
14) Сұхбат және бақылау жүргізу.
15) Жасырын және беймәлім тәуекелдерді анықтау.
16) Алынатын ақпараттың дұрыстығын бағалау.
17) Стресске төзімділік.
18) Шешімдердің объективтілігі мен тәуелсіздігі.
19) Құпия ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті.
20) Тұрақты қызметтік іссапарларға және далалық жағдайларда жұмыс істеуге дайындық.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
1) Мердігер ұйымдардағы әлеуметтік-еңбек жағдайына мониторинг пен талдау жүргізу, оның ішінде әлеуметтік шиеленіс белгілерін, жанжал туындататын факторлар мен тәуекелдерді ерте анықтау, жұмыскерлердің өтініштерін, кездесулер нәтижелерін, бақылауларды және өзге де келіп түсетін ақпаратты талдау, еңбек ұжымдарының көңіл-күйіндегі өзгерістерді, проблемалық мәселелер мен ықтимал наразылық триггерлерін анықтау, сондай-ақ жағдайдың ұжымдық еңбек дауларына, наразылық акцияларына және өзге де тұрақсыздандырушы көріністерге ұласу ықтималдығын бағалау.
2) Мердігер ұйымдар тарапынан әлеуметтік шиеленістің артуына ықпал ететін міндеттемелердің бұзылу фактілерін анықтау, оның ішінде еңбекақы төлеудің кешіктірілуі, міндетті төлемдер мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердің болуы.
3) Әлеуметтік-еңбек жағдайына әсер ететін анықталған проблемалық мәселелерді, жұмыскерлердің өтініштерін және өзге де ақпараттық сигналдарды тіркеу, құжаттандыру және жүйелеу, сондай-ақ өз құзыреті шегінде проблемалық мәселелерді қарауға және оларды реттеуге қатысу.
4) Мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік-еңбек жағдайының динамикасын бағалау, оның ішінде ағымдағы жағдайды алдыңғы кезеңдермен салыстырмалы талдау, әлеуметтік жағдайдың нашарлау немесе тұрақтану үрдістерін анықтау, жағдайдың даму болжамдарын әзірлеу және әлеуметтік шиеленіс тәуекелдерінің алдын алу бойынша ұсыныстар дайындау.
5) Мердігер ұйымдардағы ағымдағы әлеуметтік-еңбек жағдайы туралы ӨҚБТ жетекшісіне (IR) жедел түрде ақпарат беру және жедел әрі талдамалық жиынтықтарды дайындау.
6) Профильдік бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасай отырып, бұйрық негізінде қалыптастырылатын жұмыс тобы құрамында, нәтижелерді фото- және бейнематериалдарды қоса құжаттай отырып, мердігер ұйымдарға жоспарлы және жоспардан тыс IR-скринингтерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету:
а) Мердігер ұйымдар жұмыскерлерінің тұру және демалыс орындарын тексеру (бөлмелер мен үй-жайлардың толық жабдықталуы, душ бөлмелері мен санитариялық тораптардағы санитарлық-гигиеналық жағдайлар, кір жуу қызметтері, тұрмыстық қызмет көрсету және дезинфекция).
б) Жұмыс орындарын тексеру және еңбек/өндірістік жағдайларды бағалау (жұмыс орындарындағы контейнерлер мен жабық үй-жайлар, сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, жеке қорғаныш құралдары, тасымалдау).
в) Кен орындарында асүйлерді, асханаларды санитарлық-гигиеналық тексеруді ұйымдастыру.
г) Мердігер ұйымдардағы сәйкессіздіктерді жою бойынша түзету іс-қимыл жоспарын әзірлеу және оның орындалуын бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде растайтын құжаттарды алу және объектілерге шығу (қажет болған жағдайда).
7) Анықталған проблемалық мәселелерді, жұмыскерлердің өтініштерін және IR-скринингтер нәтижелерін талдау негізінде мердігер ұйымдардағы әлеуметтік-еңбек жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу.
8) Мердігер ұйымдардағы әлеуметтік-еңбек тұрақтылығына әсер ететін анықталған бұзушылықтарды, сәйкессіздіктерді және факторларды жою бойынша түзету іс-шаралары жөнінде ұсыныстар дайындау.
9) Мердігер ұйымдардағы әлеуметтік-еңбек жағдайын жақсарту бойынша басқарушылық шешімдер қабылдауды қолдау үшін ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауды қамтамасыз ету.
10) Әлеуметтік-еңбек жағдайы мәселелері бойынша мердігер ұйым өкілдерімен, желілік басшылармен, шеберлермен, бригадирлермен және жұмыскерлермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
11) Әлеуметтік-еңбек жағдайы мәселелері бойынша мердігер ұйымдардың басшылығымен және еңбек ұжымдарымен сыртқы және ішкі кездесулерді ұйымдастыруға және оларға қатысуға, хаттамаларды жасауға және қол жеткізілген келісімдерді тіркеуге қатысу.
12) Мердігер ұйымдарда минималды әлеуметтік пакет (МӘП) бойынша шарттарға қосымшаларды әзірлеу жөнінде аналитикалық материалдар мен ұсыныстар дайындауға қатысу.
13) Мердігер ұйымдарда МӘП бойынша төлемдерді мониторингтеу және бақылау, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламалар әкімшілерімен (ББӘ) қаражаттың игерілмеуі немесе мақсатсыз пайдаланылуын анықтау және жою мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.
14) Мердігер ұйымдарда еңбекақы қоры (ЕҚҚ) бойынша төлемдерді мониторингтеу және бақылау, тиісті мамандармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ЕҚҚ төлеуге арналған игерілмеген немесе мақсатсыз пайдаланылған қаражатты, сондай-ақ міндетті салықтар мен әлеуметтік аударымдарды қайтару мәселелері бойынша ББӘ жәрдем көрсету.
15) Мердігер ұйымдарда МӘП төлемдері мен еңбекақы төлеу бойынша есептерді дайындау.
16) Мердігер ұйымдардың паспорттарын бекітілген нысандарға сәйкес әзірлеу және оларды мердігер ұйымның, жұмыскерлер санының, орташа жалақының, басшының, кәсіподақтың және т.б. өзгеруі кезінде өзектендіру.
17) ӨҚБТ қызметінің қорытындыларын көрсете отырып есептер дайындау.
18) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатында, кодекстерде немесе өзге де ішкі құжаттарда және заңнамада белгіленген талаптарды сақтау немесе оларды сақтау мүмкін еместігі туралы тікелей басшыға хабарлау.
19) Жасалған немесе жоспарланған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы белгілі болса, комплаенс офицер немесе «Жедел желіге» дереу хабарлау.
20) Қауіпсіз мінез-құлықты және ережелер мен нормаларды сақтауды жеке мысалмен көрсету, сондай-ақ басқа жұмысшыларды ӨҚ, ЕҚ және ҚО талаптарын сақтауға тарту және ынталандыру.
Қосымша міндеттер:
1. Мердігер ұйымдар жұмыскерлерінің жалақысының есептеулерін тексеру.
2. Мердігер ұйымдар жұмыскерлерінің үстеме, түнгі және мерекелік сағаттары бойынша жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелінің дұрыс толтырылуын тексеру.
3. Мердігер ұйымдар жұмыскерлерінің үстеме, түнгі, мерекелік сағаттарын, тоқтап қалуын талдау.

Жұмыс шарттары:
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру, толық әлеуметтік пакет.
Жұмыс кестесі: Ақтау қ. 5/2, 08:30 - дан 18:00-ге дейін (толық жұмыспен қамту).

Жұмыс қорытындысы бойынша сыйлықақы беру жүйесі (ай сайынғы, жылдық сыйлықақы).
Корпоративтік жеңілдіктер (медициналық сақтандыру, қызметтік көлік).

Мұнай сервисі секторының тұрақты компаниясында жұмыс істеу.

Қажетті қабілеттер

  • Продвинутое владение программным обеспечением MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook, Teams)
  • Готовность к регулярным служебным командировкам и работе в полевых условиях
  • Проверять расчеты заработной платы работников подрядных организаций
  • Анализировать сверхурочные, ночные, праздничные часы, простои работников подрядных организаций

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр